Кәсіпқой бокс • 12 Қараша, 2019

Кәсіпқой бокс: WBC рейтингі жарияланды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда АҚШ-та Фресно қаласында канадалық Альберт Онолуносені алтыншы раундта ұрып жығып, қос бірдей алтын белбеуін қорғап қалған кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде бір сатыға жоғарлады.

Кәсіпқой бокс: WBC рейтингі жарияланды

Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Жәнібек бүгінгі таңда 15-орынды иеленуде. Мамандардың пайымдауынша, егер қазақ боксшысы дәл осы шабысынан жаңылмаса, ол алдағы уақытта өзінің осы көрсеткішін едәуір жақсартып, келешекте белді нұсқалардың бірінің чемпиондық атағын иеленуі әбден мүмкін. Ал BoxRec тізімінде Әлімханұлы бірден 11 сатыға жоғарлап, қазіргі кезде 55 орынға тұрақтады.

Сондай-ақ басқа да қазақстандық былғары қолғап шеберлері WBC-тің жаңартылған рейтингіндегі жағдайларын біршама жақсартты. Атап айтсақ,  бұл күндері өз салмақ дәрежелері бойынша Батыр Жүкенбаев – 12 (бұған дейін 13 орын), Әли Ахмедов – 14 (бұған дейін 15 орын), Виктор Коточигов – 22 (бұған дейін 25 орын), Қанат Ислам – 23 (бұған дейін 24 орында), Мейірім Нұрсұлтанов – 25 (бұған дейін 29 орын), Садриддин Ахмедов – 27 (бұған дейін 33 орын), Нұрсұлтан Жанабаев – 30 (бұған дейін 33 орын), Айдос Ербосынұлы – 33 (бұған дейін 34 орын) және Мадияр Әшкеев – 39 (бұған дейін 41 орын) сатыларға жайғасты.

 

АЛМАТЫ