Теннис • 12 Қараша, 2019

Теннис: Лондонда АТР-дің қорытынды турнирі басталды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ұлыбритания астанасы – Лондонда АТР-дің қорытынды турнирінің шымылдығы түрілді. Айтулы жарыста бүгінгі таңдағы әлемнің ең үздік сегіз теннисшісі төрт-төрттен екі топқа бөлініп, өзара шеберлік байқасуда.

Теннис: Лондонда АТР-дің қорытынды турнирі басталды

Бьорн Борг тобындағы сербиялық Новак Джокович өзінің тұсаукесер кездесуінде италиялық Маттео Берреттиниді еш қиналмай ұтты – 6:2, 6:1. Австриялық Доминик Тим швейцариялық Роджер Федерерді тізе бүктірді – 7:5, 7:5.

Андре Агассидің тобында тосын нәтиже тіркелді. Әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Рафаэль Надаль ойда-жоқта германиялық Александр Зверевке есе жіберді – 2:6, 4:6. Ал грекиялық Стефанос Циципас ресейлік Даниил Медведевтен басым түсті – 7:6, 6:4.