Құрылыс • 14 Қараша, 2023
Премьер-министр теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты
Алматы облысында Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуда маңызы зор инфрақұрылымдық жоба іске асырылып отыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Қараша, 2023
133 мың адам дзюдомен шұғылданатын елде Олимпиада чемпионы шыққан жоқ
Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдо күресінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Ұлттық құраманың сапына алынатын жастар үшін мықтылығын дәлелдейтін дода бұл. Себебі бапкерлер келесі жылы маңызды додаларға кімдерді қосатынын осы ішкі біріншіліктің нәтижесіне қарай нақтылайды.
Президент • 14 Қараша, 2023
Өңірлік әскердің қолбасшылары тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 14 Қараша, 2023
Синоптиктер Астанада қашан қар жауатынын болжады
«Қазгидромет» РМК мамандары Астанада қашан қар жауатынын болжады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 14 Қараша, 2023
Сенат ақпараттық қауіпсіздікті талқылады
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелеріне қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.