Қаржы • 15 Қараша, 2024
Ақшаның көптігі дәулеттің өлшемі емес
Ақша – ең негізгі және тұрақты құндылық емес, алайда бүкіл құндылықты өлшеудің одан өзге ерекше құралы да жоқ. Ақша көп болса бар мәселе шешілетіндей көрінеді. Алайда нарықта ақшаның ағыл-тегіл пайда болуы экономиканы «күйдіріп» жібермек. Ақша көлемі елде шығарылатын өндіріс көлемімен деңгейлес болғаны абзал. Тепе-теңдік сонда сақталады. Ақшаны көп басып шығарсақ, ен байлықтың астында қаламыз деп ойлаушылар тарихтағы бірді-екілі мысалға назар аударса жетіп жатыр.
Сұхбат • 15 Қараша, 2024
Қадыржан Дамитов: Банк жүйесінде ауқымды жұмыс атқарылды
Қадыржан Қабдошұлы Дамитов – ұлттық қаржы нарығын құрудың басы-қасында болған білікті маман. 1994-1997 жылдары – Ұлттық банк төрағасының орынбасары, 1998-1999 жылдары Ұлттық банк төрағасы болып қызмет етті. Теңге мерекесі қарсаңында бас банктің бұрынғы басшысымен сұхбаттасқан едік.
Әлем • 15 Қараша, 2024
Аустралия үкіметіндегі жаңа лауазым
Аустралия үкіметі құлдыққа қарсы арнайы комиссарды тағайындады. Ел тарихындағы аталған лауазымға Walk Free халықаралық құқық қорғау ұйымының басшысы Крис Эванс ие болды. Бұл туралы елдің бас прокуроры Марк Дрейфус хабарлады.
Қоғам • 15 Қараша, 2024
Халықтың өмір сүру сапасы мен табыс деңгейі сәйкесе ме?
БҰҰ зерттеуінде тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі кедейлік көрсеткіші айтарлықтай төмендегені көрсетілді. Алайда ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көрсеткішімен есептегенде, Қазақстанда еңбек табысының үлесі төмен.
Әлем • 15 Қараша, 2024
Дональд Трамп АҚШ-қа қандай өзгеріс әкелмек?
Әлем көз тіккен АҚШ-тағы президент сайлауы да аяқталып, алдағы төртжылдықтың саяси сахнасына миллиардер Дональд Трамп қайта келді. Ұзақ жыл бизнесте жүріп, саясатқа тым кеш келген Трамп осылайша екінші мәрте ел тізгінін қолға алғалы отыр. Президентті ұлықтау рәсімі дәстүр бойынша келер жылдың 20 қаңтарында өтеді. Ал оған дейін қарап отыратын Трамп жоқ сыңайлы. Қазірдің өзінде-ақ Украина-Ресей соғысына, мемлекеттік шекараға, Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалға қатысты батыл мәлімдемелер жасап, тіпті кадрлық тағайындауларды да бастап кетті.