Қоғам • 12 Қараша, 2019
Салқар сахарада жападан-жалғыз тұрып, сойқан соғыстардан, зобалаң замандардан күн күйдірген, ай суытқан кірпішінің мұрты сынбай бүгінгі күнге аман-есен жеткен Жошы хан мазарының айдай әлемге әйгілі болар күні туған сияқты. Биыл ұлт ұясы Ұлытауда болғанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы хан есімін жоғары деңгейде ұлықтау шаруасына жеделдете кірісу керектігін шегелеп айтты. «Біз, – деді Президент, – Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз керек. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет».
Аймақтар • 12 Қараша, 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған іргелі шаралардың бірі ретінде Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру арқылы оның мәртебесін көтеру, шаһарды одан әрі заман талабына сай өркендету ісін айтуға болады. Бүгінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың кең ауқымына ел куә әрі разы.
Экономика • 12 Қараша, 2019
Кәсіби кадрлар жұмыс істеуі тиіс
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде аграрлық ғылым, білім беру мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өзара қарым-қатынасының мәселелері және шешу жолдарына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Қоғам • 12 Қараша, 2019
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен «Ішкі істер органдарының басшы құрамын кезектен тыс аттестаттау қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
Қоғам • 12 Қараша, 2019
«Пішін мен бейне үндестігі» атты көрме
Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрмелер топтамасы «Пішін мен бейне үндестігі» атты тақырыптық қор көрмесінің ашылуымен басталды.