Зерде • 15 Қараша, 2024
Бекет атаның алғашқы жерасты мешіті
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында қазақ жеріндегі таңғажайып мұра – жерасты мешіттерін ерекше атап өткені белгілі. «Батыс аймақта осындай 20-дан аса мешіт бар. Тарихи нысандар әртүрлі кезеңде салынған және бір-бірінен өзгеше. Мұның өзі еліміздің рухани кеңістігінде ерекше дәстүрлер болғанын және тамыры тереңде жатқанын көрсетеді. Біз оның бәрін мұқият сақтап, жер жүзіне танытуымыз қажет. Мен тиісті мемлекеттік органдарға Ұлттық комиссиямен бірлесіп, осы нысандарды ЮНЕСКО мұралары тізіміне қосу жөніндегі жұмысты бастауды тапсырамын», деген еді Президент.
Жансарай • 15 Қараша, 2024
Қайбір шығарма автордың көлеңкесі секілді. Жазушы жаратылысына қарай туындысы сондай болмақ. Бейімбет Майлин шығармалары бірде біртоға, бірде салқынқанды, бірде бұрқасынды кепке түседі. Бейімбет болмысы, Бейімбет мінезі, жалпы адам Бейімбеттің тұрпаты оқырманға жұмбақ.
Әдебиет • 15 Қараша, 2024
Кез келген көркем шығарма адам жанының тереңін жырлайды. Қат-қабат ойлар мен мінездердің тоғысын шынайы бедерлейді. Кейіпкердің қол созған үмітін, жоғалған арманын, сағымға айналған мақсат-мұратын, сағынышы мен өкінішін суреттейді. Классикалық туындының өн бойынан нәзік бір иірім еседі, шығармадағы уақыт пен оқиға сондай бір трагедияға, замана запыранына толы болса да әлдебір мұңды әуен бір үзілмейді.
Тұлға • 15 Қараша, 2024
«Атанбойын» айтамыз ба, «боқырау жәрмеңкесіне» тоқталамыз ба? Әлде «сүрме тартып төрт көзденгенін» сөз етеміз бе? Біз мейлі дер едік. Қазақтың жалпақ тілі қай жағына тартса да, қай қиырға салса да жетеді. Бейімбет шығармашылығына көз жүгіртсе, тіпті құдіреттеніп кетеді.
Жансарай • 15 Қараша, 2024
Абыл Кекілбаев: Бір түнде үйдің еркесінен үлкен адамға айналдым
Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тау-тұлғалардың ұрпақтары да жақсының көзіндей көңілге ыстық көрінеді. Әсіресе ата мұрасына адалдық танытып, шығармашылығының шамын жағып жүрген шырақшы ұлдарға құрмет бөлек. Солардың бірі – Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының тұңғыш немересі Абыл. Абыз жазушының биылғы 85 жылдық мерейтойы қарсаңында атадан қалған мол мұраны бүтіндеп, кейінгі ұрпаққа шашауын шығармай жеткізу жолында шапқылап жүрген Абыл Кекілбаевпен сұхбаттасудың сәті түсті.