Қазақстан • 07 Қараша, 2017
Төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қандастарымыздың ел тәуелсіздігімен бірге ортамызға орала бастағанына да ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Шетелдегі қандас бауырларымыздың тарихи Отанына көш түзеуіне қозғаушы күш болған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сонау 1991 жылғы 31 желтоқсанда ақ тілекпен жолдаған алғашқы Үндеуі бүгінгі таңда баршаның есінде.
Қырғызстанда президенттік сайлау аяқталып, елдің жаңа басшысы белгілі болған соң, көп уақыт өтпей-ақ Қырғызстан парламентінің спикері Чыныбай Тұрсынбеков күтпеген жерден отставкаға кетті.
Қадір деген бұл болмыстың бір тегеурінді тұтқасы. Балаң күнімізден санамызға сіңген қадірлі ұғымдар бар. Ол – ата-ана, ағайын-бауыр, жасы үлкендер, жасы кішілер... Әр дүниенің жасқа да, асқа да қатысты қадір-қасиеті болады.
Қазақстан • 07 Қараша, 2017
Орталық Азиядағы өзекті мәселелер талқыланды
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы өкілі, БҰҰ Орталық Азияға арналған Привентивті дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының (ОАПДАО) басшысы Наталья Германды қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Білім • 07 Қараша, 2017
Білім кемесіндегі бүгінгі беталыс
Отандық білім беру мен тәрбиеге қатысты еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстан» соңғы бір жыл ішінде бар мен жоғымызды түгендеген көптеген мақала жариялап келеді. Әсіресе «Білім» және «Тәлім» беттерінде жарық көрген алуан түрлі ой толғамдар ұстаздар қауымының көңілінен шығып отыр. Қыркүйек айының соңына қарай «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» деген тақырыпта Парламент Сенатында тыңдау өткені мәлім. Сол бойынша жазылған журналист Сүлеймен Мәметтің талдау мақаласы (28 қыркүйек, 2017 ж), онда айтылған көптеген мәселелер бізді де бейжай қалдырмады. Енді соған қатысты өз пікірлерімді ортаға салсам деймін.