Қаржы • 14 Қараша, 2024
Зейнетақы активтеріне қауіп жоқ
Зейнетақы активтері көлемі жылдан-жылға қарқынды өсіп келеді. Биыл отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтері 21,2 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері 18,5%-ға, яғни 3,3 трлн теңгеге көбейген. Сәйкесінше, оның қорғанысына да мән берілу керек. Елімізде зейнетақы жинақтары қаншалықты қорғалған?
Сараптама • 14 Қараша, 2024
Инвестиция су саласына серпін береді
Инвестиция иірімінде Impact Investing ұғымы бар. Ол әлеуметтік әсерлі инвестиция дегенге саяды. Яғни әлемге оң әсер етуді көздейтін инвестицияның ерекше түрі. Бұл тұжырымдама арқылы инвесторлар мектеп, аурухана, таза энергия жобасы, су ресурстарын қорғау сияқты қоғамға пайдалы жобаларды қолдайды. Сондай игі инвестиция біздің елдің де есігін қақты. Бакудегі Дүниежүзілік климат саммиті аясында Ислам даму банкінің (ИДБ) елімізде су ресурстарын дамыту жобасына ауқымды инвестиция құятыны мәлім болды.
Инвестиция • 14 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы прокуратура органдарына кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын сүйемелдеу міндетін жүктегелі бұл бағытта нәтижелер байқалып жатыр. Бір ғана Ертіс-Баян өңірінде жыл басынан бері инвесторлардың 1 трлн теңгеден асатын проблемалық кейсіне рұқсат берілді. Инвесторлар бұл оң тәжірибе алдағы уақытта жалғасын тапса екен деген ниетте.
Қоғам • 14 Қараша, 2024
«Самұрық-Қазына» сатып алу жүйесі оң бағаланды
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) еліміздегі инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыруға 2 миллиард еуродан астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ЕҚҚДБ өкілдерінің Қазақстанға екі күндік сапары барысында белгілі болды.
Экономика • 14 Қараша, 2024
Автосегментте Үкімет үлесі азая ма
Биыл автокөлік нарығына оң әсер ететін шешім қабылданды. Үкіметтің экономикалық блогі нарықтың осы сегментінен кететінін ашық айтты. Ендігі үміт – бизнес пен банктерде. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, Үкімет көлік сатып алуды жеңілдету мақсатында жеке тұлғаларға арнап лизинг енгізу туралы заңнаманы аяқтауға таяп қалды.