Пікір • 14 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев тұлғаларға ескерткіш орнату мәселесіне назар аударып, Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда айрықша айтқаны белгілі: «Соңғы кезде ата-бабасының, жерлесінің есімін ұлықтауды сұрап, ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады. Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді. Бұл – жағымсыз жағдай. Мұндай ұстанымдар еліміздің біртұтас идеологиялық кеңістігіне зиян келтіреді. Ұрпақ тәрбиесіне кесірін тигізеді. Тіпті, шетелде бізді көне заманға және кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп айтатын болды», деді Президент.
Қоғам • 14 Қараша, 2024
Қайырымдылық – қанда бар қасиет
Адал еңбек етіп, маңдай термен тапқан малдан асқан қайыр мен береке жоқ. Он екі мүшесі сау бола тұра, өзгеден бір нәрсе дәметіп сұрауды әдетке айналдыру не пайданы көздеп, тіленші болу адамды кедейліктен құтқармайды, керісінше, масылдық өмір салтына ұрындырады. Демек тұрмысы төмен, бірақ аяқ-қолы бүтін адамдарға тегін дүние бергеннен гөрі, оның еңбек етуіне жағдай жасау, қолғабыс қылу, балық орнына қармақ беру – ең дұрыс шешім.
Денсаулық • 14 Қараша, 2024
Батыс Қазақстан облысында жіті респираторлық вирусты инфекциялардың эпидемиялық жағдайы өткен жылмен салыстырғанда 19,8 пайызға төмендеген.
Сұхбат • 14 Қараша, 2024
«Өңірдің өндіріс көлемі еселене түседі»
Солтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм саласындағы әлеуетімен кеңінен танымал. Кейінгі кезде өңірде тұрғын халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылды. Облыс әлеуметтік-экономикалық дамудың сенімді оң серпінін көрсетіп отыр. Өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде әңгімелеп беруді аймақ басшысы Ғауез НҰРМҰХАМБЕТОВПЕН өтінген едік.
Аймақтар • 14 Қараша, 2024
Алаяқтарға қарсы күрес күшейді
Облыс прокуротурасының мәліметіне сәйкес, өңірде кейінгі үш жыл ішінде қылмыс деңгейінің біршама төмендегені байқалады. Алайда ұрлық-қарлық, алаяқтық сияқты қылмыс түрлері бәсеңдемей тұр.