Аймақтар • 14 Қараша, 2024

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

86 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс прокуротурасының мәліметіне сәйкес, өңірде кейінгі үш жыл ішінде қылмыс деңгейінің біршама ­тө­мен­дегені байқалады. Алайда ұрлық-қарлық, алаяқ­тық сияқ­ты қылмыс түрлері бәсеңдемей тұр.

Алаяқтарға қарсы күрес күшейді

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бақылау орындары жария еткен дерекке сүйенсек, облыс көлемінде меншікке қар­­сы жасалған әрбір екінші ­қыл­мыс алаяқтыққа жата­ды екен. Әсіресе интернет алаяқ­тық өршіп тұр. Аталған қыл­мыс­тың деңгейі 12 пайыз­ға өскен.

Облыс прокуроры Берік Әбіловтің төрағалығымен өткен қадағалаушы орган­дар­дың кеңейтілген алқа отырысында ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу мен аталған қылмыс түрлерін ашу жолдары талқыланды. Жиында алаяқтарға алданған азаматтарға, бизнес нысандарына 1,6 млрд теңге, оның ішінде интернет-алаяқтықтан 116 млн теңге залал келгені айтылды. Мәселен, жыл басынан бері интернет алаяқтықтың 135 дерегі анықталып, 40 күдікті ұсталған. Сондай-ақ алаяқтық әрекетке қатысы бар 3 дроппер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 10 мыңға жуық интернет-ресурс бұғатталған.

Бүгінде өңірде аталған қылмыстың алдын алу шара­лары жүріп жатыр. Көп­ші­лік орындарда жұртты алаяқ­тардан сақтануға үнде­ген билборд, led-экрандар көбейді. Қала көшелерінде тұрғындарға осы мазмұндағы ­буклеттер мен парақшалар таратып жүрген белсенді жас­тарды да жиі ұшыратасыз. Құ­зырлы орындардың өкіл­дері түрлі еңбек ұжым­да­рын аралап, түсіндіру жұмыс­та­рын жүр­гі­зіп жатыр.

Прокурорлардың ай­­туын­ша, сот арқылы дропперлерден азаматтық тәртіппен мүліктік залал өндіріп алу тәжі­рибесі қалыптасқан. Мы­­салы, биыл 36 дропперден 71 млн теңге сот арқылы өнді­рі­ліп алынған.

«Облыс әкімдігі алаяқ­тық­қа қарсы күрес шараларына мате­риалдық-техникалық тұр­ғыдан барынша қолдау көр­­сетіп отыр. Мәселен, По­ли­ция департаментінің «Ки­бер­­пол» бөлімшесін арнайы бағ­­дар­ламамен қамта­ма­сыз етті», дейді прокурорлар.

Алқа жұмысының қоры­тын­дысында облыстың қада­ға­лау орындары мен құқық қор­ғау органдарының алда­ғы уақытта алаяқтыққа қар­сы бірлесіп атқаратын іс-шара­ла­ры айқындалды.

 

Қостанай облысы