Қоғам • 14 Қараша, 2024

Қайырымдылықпен 700 мың адам қамтылады

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 10 айында 550 мыңнан астам отандасымыз қордағы компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» КҚ көмегін алды. Жылдың аяғына дейін бұл санды 700 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.

Қайырымдылықпен 700 мың адам қамтылады

Сурет: ru.freepik.com

Аталған белес өткен жылға қарағанда 40 пайызға жоғары болмақ. Сәйкесінше, ел тұрғын­дарына қолұшын созуға сеп­тігін тигізетін әлеуметтік жоба­лардың қатары былтырдан келе жатқандарды қосқанда, бүгінде 49 пайызды еңсерді.

Президент әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетуге ерекше мән беріп отыр. Мемлекет саясатында адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар ауда­ру, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу не­гіз­гі басымдықтар саналады. Инклюзия, яғни тең қо­ғамды дамыту, медицина мен білім, мәдениет пен спорт, оның ішінде ауылдық жерлерді дамыту, креативті индустрия, төтенше жағдай кезіндегі жәрдем сынды бағыттардың басын қосқан кешенді қағи­даны «Самұрық-Қазына» ком­паниялар тобы да берік ұстанып отыр.

Жалпы, еліміздегі ірі жұмыс беруші саналатын қордың қайырымдылық операторы арқылы өңірлерде қазіргі кезде 43 оңалту орталығы мен 90-ға жуық бейімделген спорт секция­сы, 30 спорт кешені мен алаңы жұмыс істеп тұр.