Мектеп • 14 Қараша, 2024

Дарынды балаларға арналған мектеп құрылысы басталды

124 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Абай атындағы дарынды балаларға арнал­ған республикалық маман­дандырылған мектеп-интернатының жаңа ғимаратының құрылысы бас­талды. Білім ордасы­ның іргетасын қалау рәсіміне Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Оқу-ағар­ту министрі Ғани Бей­сембаев, қала басшы­лығы, Парламент және мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагер ұстаздар қатысты.

Дарынды балаларға арналған мектеп құрылысы басталды

М.Әшімбаев өз сөзінде Абай атын­дағы дарынды балаларға арнал­ған республикалық маман­дандырылған мектеп-интернаты­ның жаңа ғимаратын салу ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру жо­­л­ындағы маңызды қадам еке­нін атап өтті. Сондай-ақ ол Мем­лекет бас­шысы елімізде білім сапа­сын арт­тыруға және педагог мәр­те­бе­сін нығайтуға үнемі баса мән беріп келе жатқанын тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда елімізде оқу­шы­­лардың жан-жақты дамуына қажетті жағдай жасау және олардың сапалы білім алуын қамта­масыз ету үшін жүйелі жұмыс жүр­гізіліп келеді. Бұл ретте Прези­дентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев­тың бастамасымен іске асыры­лып жатқан «Жайлы мектеп» ұлт­тық жобасын ерекше атап өткен жөн. Ауқымды жоба қала­лармен бірге шалғайдағы ауылдарды да қамтиды», деді М.Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат спикері Абай атындағы мектептің жаңа ғимаратын салу орта білімнің ұлттық брендін қалыптастыруға қосылған үлкен үлес екенін айтты. Сондай-ақ палата төрағасы бұл қадам қоғамда ұлттық мүд­дені берік орнықтыру және тарихи сабақтастықты сақтау үшін қажет екеніне назар аударды.

«Абай мектеп-интернатын жаңғырту отандық білім беруді одан әрі дамытуға және өскелең ұрпаққа рухани-адам­гершілік құндылықтарды дәрі­п­теуге тың серпін береді. Жоба­­ның басты мақсаты – ұлы Абай­дың «Толық адам» тұ­жы­рым­дамасына табан тірей оты­­рып, ұлтқа қызмет ететін пат­риот азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу. Осы бағыттағы жұ­мысты тәуелсіз Қазақстан­ның құндылықтарымен және озық халықаралық тәжірибе­мен үйлестіре отырып жүргізу Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыруға жол ашады», деп М.Әшімбаев аталған жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Алматы қаласының әкімдігіне, Оқу-ағарту министрлігіне және осы игі іске үн қосқан барша белсенді азаматқа алғыс білдірді.

Сондай-ақ сапар барысында сенаторлар Санжар Асфен­дияров атындағы Қазақ ұлт­тық медицина университеті­нің басшылығымен, оқытушы­лары­мен, студенттерімен кездесіп, жоғары оқу орнында оқитын болашақ дәрігерлер тұрып жатқан жаңа жатақханалардың жағдайымен танысты.

Медициналық универси­тет­тің ректорымен кездесу кезінде Мемлекет басшысы белгілеп берген еліміздің ғылыми-техно­логиялық саясатының басым бағыттарын іске асыру міндет­тері талқыланды. Клиникалық зерт­теулердің перспективалары, ғылыми кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру, зерттеу жобаларына әлеуметтік және қаржылық қолдау көр­сету, инновациялық әдістемелер мен технологияларды енгізу мәселелеріне де мән беріліп, тың ұсыныстар айтылды.

Бұған қоса Сенат төрағасы Алматы­дағы №63 жалпы білім бере­тін мектеп базасында орна­ласқан ресурстық орталықтың қыз­метімен танысты. Бұл жерде инкл­юзивті білім беру бағытын­дағы инновациялық тәсілдер белсенді қолданылып келеді. Атап айтқанда, Парламент де­путат­тары оқытудың әртүрлі әдіс­­тері, ерекше қажеттіліктері бар ба­ла­ларды оқытуға арналған ма­ман­­дан­дырылған залдар, логопед, пси­х­олог, инклюзия, ойын, сен­сор­лық және басқа да салалық каби­нет­т­ердің жұмысына назар аударды.