Қоғам • 14 Қараша, 2024

Бассейндік инспекциялар жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілді

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Министрліктің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті бассейндік инспекцияларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бассейндік инспекциялар жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілді

Фото: Министрліктің баспасөз қызметі

Бүгінде бассейндік инспекцияларға 18 жеңіл автокөлік, көп функциялы құрылғылар, судың жылдамдығын және шығынын өлшеуге арналған датчиктер берілді, ал ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 «Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті судың «көлеңкелі» нарығына қарсы күресті күшейту үшін құрылған. Ведомство суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен, сондай-ақ, елдің су объектілеріндегі құқыққа қарсы шаруашылық қызметпен күреседі. Қазіргі уақытта бассейндік инспекциялар мен мемлекеттік су инспекторларының функцияларын кеңейту, жедел әрекет етудің жаңа құралдарын енгізу бойынша жұмыс атқарылып жатыр», деді сала министрі Нұржан Нұржігітов.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлім етуінше қазіргі уақытта бассейндік инспекциялардың жалпы штаты 241 адам. Министрлік құрылғаннан бері штат саны 1,5 есе ұлғайған. Бұл – әр облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімдерін ашуға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, елімізде 8 бассейндік инспекция бар. Ол Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай, Шу-Талас бассейндік инспекциялары.