Шымкент • 14 Қараша, 2024

Ең ірі жылыжай кешені салынып жатыр

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «Alarko Holding» түрік компаниясының вице-президенті Шахин Аббаспен кездесті. Кездесуге қатысушылар құны 650 млн доллар болатын қызанақ өсіру бойынша ауқымды инвестициялық жобаны іске асыру барысын талқылады.

Ең ірі жылыжай кешені салынып жатыр

Сурет: ru.freepik.com

Шымкентте 2025 жылдың соңына дейін екі кезең бойынша жылыжай кешенін және өсірілген өнімді қайта өңдейтін цех салу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде – 45 гектар, екінші кезеңде – 130 гектар. Толық қуатқа шыққанда кешен жылына 51 мың тонна өнім өндіруге мүмкіндік береді. Өткізу нарықтары – ішкі нарық және Ресей, Қатар, БАӘ-ге экспорттау.

Кәсіпорында 2 мың­ға жуық жұмыс орны ашы­лады. Компания Шым­кент­­те жылыжайларға арналған құры­лымдар шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отыр, бұл құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Жоба аясында халықаралық стандарттар бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау үшін мамандандырылған академия құрылады.

Тараптар инвестициялық жобаны іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары көзделген инвестициялар туралы келісімнің жобасы мен шарттарын талқылады.

Серік Жұманғарин инвес­торға жан-жақты қолдау көр­сетілетінін айта келе, ауыл шаруашылығының басқа да басым салаларында, атап айтқанда, астық, қант қызылшасы, теріні терең өңдеуді қоса алғанда, өндірісті жолға қою мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.