Қазақстан • 28 Қараша, 2021
Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол – қазақ тілі
Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы жас ұрпаққа жолдаған Үндеуінде тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті екендігін баса айтты. Елбасы: «Жер жүзінде өз алдына дербестігі жоқ қанша ұлт пен ұлыстың барын ескерсек, еселі еңбекке арналған отыз жыл ұлт тарихында алтын әріппен жазылары анық. Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы. Бірлігімізді арттырып, ынтымағымызды күшейтсек қана елдігіміз нығайып, егемендігіміз баянды болады», деді.
Қазақстан • 28 Қараша, 2021
Үшінші сектор: тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Азаматтық альянсының ұйымдастыруымен өткен «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестікке 30 жыл» Х Азаматтық форумы Алматы қаласында қорытындыланды. Отыздан астам пікірталас алаңында үкіметтік емес ұйым өкілдері, халықаралық сарапшылар адамзат дамуының түйткілді мәселелерін талқылады.
Қазақстан • 28 Қараша, 2021
Қазақстан мен Түркия туларының флешмобы өтті
Түркияда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай екі елдің мемлекеттік рәміздерімен флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 28 Қараша, 2021
Қазақстандық спортшы жұптық сында ITF сегізінші титулын жеңіп алды
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Словакия өкілі Виктория Касимовамен дуэтте Дубайда өткен 100 мың доллар жүлде қорымен өткізілген ITF сериясының турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Қараша, 2021
193 мемлекет жасанды интеллект бойынша келісімге қол қойды
ЮНЕСКО-ға кіретін барлық 193 ел жасанды интеллекттің қауіпсіз дамуы мен қолданылуын қамтамасыз ету үшін қажетті жалпы құндылықтар мен қағидаттарды анықтайтын құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz БҰҰ жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.