«Титул үшін шешуші кездесуде қазақстандық-словакиялық жұп ресейлік Анастасия Захарова мен Ангелина Габуеваны жеңді», деп жазады ҚР ҰОК баспасөз қызметі.
Захарова мен Габуева турнир фавориттерінен бірінші сетте – 6:4 есебімен жеңіске жетті, бірақ екінші сетте қарсыластар реванш алды. Финалдық кездесудің нәтижесі тай-брейкте шешілді, онда Данилина мен Кузьмова ресейлік жұпты 10:2 есебімен талқандады.