Аймақтар • 13 Қараша, 2024
Еліміздегі ең үлкен ауыл Бейнеудегі берекелі істер
Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданының орталығы Бейнеу ауылы еліміздегі ең үлкен ауыл болып саналады. 57 мың тұрғыны бар ауылдың жалпы аумағы 51 мың га. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың ауданға іссапары барысында өңір өміріне қатысты жаңалықтар жария етілді.
Аймақтар • 13 Қараша, 2024
Сарқан ауданында 1 400-ден астам шаруа қожалық бар. Негізінен халықтың табысы ауыл шаруашылығымен байланысты. Осыдан 10 жыл бұрын өндіріс саласы жоқтың қасы болса, бүгінде ірілі-ұсақты бірнеше зауыт жұмыс істеп тұр. Соңғы кезеңде өнеркәсіп кешендері арқылы 11 млрд-тан аса тауар өндірілген. Аудан көлеміндегі ауылдарға да көп көңіл бөлініп жатыр. Жақында үш әлеуметтік маңызы бар нысан іске қосылды.
Қоғам • 13 Қараша, 2024
Қос дөңгелекті көліктер әлемде жылына 1,3 миллиондай адамның өмірін жалмайды
Өткен айда Мемлекет басшысы мопед иелерін жүргізуші куәлігін алуға, көлік құралдарын тіркеуге міндеттейтін заңға қол қойды. Бұл маңызды құжат жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруды, мопед жүргізушілердің кесірінен болып жатқан қайғылы оқиғаларды азайтуды көздейді.
Қаржы • 13 Қараша, 2024
Бюджет дағдарысынан шығар жол қайсы?
Өтіп бара жатқан 2024 жыл ұмытыла бастаған «бюджет дағдарысы» деген тіркесті қайта есімізге салды. Осы жылдың маусым айында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов елімізде бюджет дағдарысы жоқ деп мәлімдеді. Алайда тәуелсіз сарапшылар Ұлттық қордан миллиардтарға бағаланған интервенция бюджеттің жанына жалау бола алмайтынын ашық айтып жүр.
Өндіріс • 13 Қараша, 2024
Диқан тілегі – тегеурінді техника
«Kazrost Engineering Ltd.» жеке компаниясы – ауыл шаруашылығы техникаларын дайындайтын кәсіпорын. Кәдеге жарату алымы іске қосылғаннан кейін жер емшегін емген диқандарды қуатты техникамен қамтамасыз ету барысында толымды жұмыс істеп келеді.