Экономика • 07 Қараша, 2019
Ресей нарығында қандай кедергілер бар?
Ресей нарығына шығатын отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импортына кері әсер ететін факторлар жетерлік. Оның ішінде ортақ жүйенің жоқтығы кәсіпкерлерді әуре-сарсаңға салуда. Шекара маңындағы қордаланған мәселені шешу үшін еліміздегі электронды ветеринарлық сертификаттау жүйесі мен Ресейдегі «Меркурий» ақпараттық жүйесін біріктірудің маңызы зор. Бұл туралы Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей шекаралас өңірлері ынтымақтастығы XVI форумында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Қоғам • 07 Қараша, 2019
Басты мақсат – сұранысқа сай маман даярлау
Елордада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің төрағалығымен Кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі басқарушы комитеттің отырысы өтті. Отырыста «Ақпараттық технологиялар», «Байланыс», «Инновациялық қызмет» және «Энергетика» салалары үшін кәсіби стандарттарды дайындау барысы талқыланды.
Руханият • 07 Қараша, 2019
Рухани тұтастыққа арналған жиын
Елордада Қазақстан дінтанушыларының тоғызыншы форумы өтті. Алқалы жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, басқа аймақтардағы дін саласындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, дінтанушылар мен теологтар, жоғары оқу орындары дінтану факультеттерінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Парламент • 07 Қараша, 2019
Қаржы ең маңызды мәселелерге жұмсалуы қажет
Кеше Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Әкімшілік-аумақтық құрылысты, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда талқыланды.
Экология • 07 Қараша, 2019
Браконьерлік үшін жауапкершілік күшейтіледі
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Марлен Айнабековтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.