Үкімет • 09 Қараша, 2024
Бизнестің инвестициялық мүмкіндігі кеңейеді
Премьер-министр Олжас Бектенов шағын және орта бизнес (ШОБ) форумына қатысты, онда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері көтеріліп, отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жетілдіру бойынша қабылданған шаралар атап өтілді. Сондай-ақ еліміздегі іскерлік ахуалды одан әрі жақсарту идеялары айтылды.
Саясат • 09 Қараша, 2024
Экономиканы өркендетуге арналған ынтымақтастық
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің төрағалығымен Астанада өткен Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысты. Мақсат – Орталық Азия өңірінің интеграцияланған және орнықты дамуын қалыптастыруда бағдарламаға қатысушы елдер мен халықаралық қаржы институттары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту.
Үкімет • 09 Қараша, 2024
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Экономика • 09 Қараша, 2024
Әуежай реформасы Алматыдан басталады
2028 жылдан бастап елімізден Еуропаға қатынайтын әуе компанияларына экологиялық таза әуе отынын пайдалану міндеттелді. Алматыда өткен «Green Airports» аймақтық семинарына қатысқан Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, 2028 жылдан бастап Еуропалық Одақ осы экологиялық таза әуе отынын пайдаланатын әуе компанияларын ғана қабылдайды. Мамандардың айтуынша, Еуроодақ елдерімен арадағы әуежолы интеграциясын дамыту үшін ұшақтарымызға экологиялық таза отын құймасқа амалымыз қалмайды.
Медицина • 09 Қараша, 2024
Бірыңғай пакет қандай өзгеріс әкеледі?
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кейбір ауру түрлері Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінен (ТМККК) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) көшірілетінін мәлім етті. Бұл өзгеріс өңірлердегі медицинаның дамуы мен қызмет сапасына қалай әсер етеді? Мәселені зерделеп көрдік.