Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Іргелі ұйымның Алматыға аңсары ауып тұр
Алматының әсем табиғаты мен көрікті жерлері кез келген елден келген туристерді өзіне баурап алуға қауқарлы. Ол үшін Алматы туризмінің тынысын ашып, арнасын кеңейту қажет.
Жазғы спорт • 27 Қараша, 2017
Командалық ойын түрлерінде ілгерлеушілік неге жоқ?
Қазақстан – бүгінде спорттық державалар қатарына қосылуға ұмтылып жүрген елдердің бірі. Бұған алғышарттарымыз да жоқ емес. Спорттың оң жамбасымызға дөп келетін кейбір түрлерінен құрлықтық біріншіліктерде, әлем чемпионаттарында, төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы саналатын Олимпия ойындарында тәп-тәуір көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрміз. Бірақ командалық ойын түрлеріне келсек, өкінішке қарай аузымызды қу шөппен сүртуге мәжбүрміз. Қандай да бір ілгерілеушілік күткенімізбен, іркілістеріміз тым ұзаққа созылып барады.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Цифрландыру дәрігерлердің қағазбастылығын 100 пайыз шешеді
Денсаулық сақтау саласын цифрландыруға байланысты ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Әлем • 27 Қараша, 2017
Ұлыбритания қазынашылығының басшысы Филип Хэммонд 2017 жылғы бюджет қаржысының жұмсалуы жөнінде есеп беріп, мемлекеттің алдағы уақытқа жоспарымен бөлісті. Келтірілген деректерге сүйенсек, корольдіктің даму қарқыны биыл бәсеңдеген.
Әлем • 27 Қараша, 2017
АҚШ пен Солтүстік Кореянының кезекті саяси арбасуы
Таяуда АҚШ билігі Солтүстік Кореяны терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізіміне енгізген болатын. Өз кезегінде Пхеньян Ақ үйдің бұл әрекетін арандатушылыққа балап, елдегі ядролық қару бағдарламасын одан әрі күшейтетінін жеткізген.