Қазақстан – бүгінде спорттық державалар қатарына қосылуға ұмтылып жүрген елдердің бірі. Бұған алғышарттарымыз да жоқ емес. Спорттың оң жамбасымызға дөп келетін кейбір түрлерінен құрлықтық біріншіліктерде, әлем чемпионаттарында, төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы саналатын Олимпия ойындарында тәп-тәуір көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрміз. Бірақ командалық ойын түрлеріне келсек, өкінішке қарай аузымызды қу шөппен сүртуге мәжбүрміз. Қандай да бір ілгерілеушілік күткенімізбен, іркілістеріміз тым ұзаққа созылып барады.

Осы орайда біз бүгін командалық спорт түрлерінде алға тосар табыстарымыздың жоқ екенімен қатар, оларда өнер көрсететін жергілікті ұлт өкілдері – қазақтар қатарының тым аздығы хақында әңгіме қозғамақпыз.
Әуелі әлемде аса кең тараған командалық спорт түрі – волейболдан бастайық. Ерлер құрамасы төрт жылда бір өтетін әлем чемпионаттарының іріктеу сындарына 1994 жыл мен 2014 жыл аралығында алты рет қатысса, оның төртеуінде іріктеу сындарын бағындыруға қауқары жетпей, тек екеуінде ғана жаһандық жарысқа баруға жолдама ала алыпты. Жолдама алған 2002 жылғы чемпионатта 19-шы орынды қанағат тұтса, 2006 жылы 21-орынмен көштің соңғы жағында қалып қойған.
1993 жылғы күмісті айтпағанда, Азия чемпионаттарындағы көрсеткіштеріміз де мардымсыз. Азия ойындарында бір мәрте 4-ші орынды місе тұтыппыз. Ал Олимпиадада өнер көрсету волейболшы жігіттеріміз үшін әзірше арман болып тұр.
Әуелгі жылдары құрама санында қазақтар жоқтың қасы болса, бүгінде шүкір дерлік, яғни көбею үрдісі байқалады. Егер нақтылай түссек, 22 ойыншының бесеуі өзіміздің қандастарымыз. Бірақ әрине, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың пайызына шаққанда әлі де болса аздау екенін мойындауға тиіспіз. Қысқасы бүгінде Октябрь Жарылғаповтың деңгейіндегі ізбасарлар төбе көрсете алар емес. «Дорожниктің» деңгейінде өнер көрсете алатын командамыз да жоқ.
Салыстырмалы түрде алғанда еліміздегі қыздар волейболының деңгейі сәл жоғарылау деуге болады. Қазақстан құрамасы 2005 жылы Азия чемпионатының күміс медаліне, 2010 жылы Азиаданың қола медаліне қол жеткізсе, 2012 және 2014 жылдары Азия кубогының қола жүлдегері атанды.
2006, 2010 және 2014 жылдары қатарынан үш мәрте Әлем чемпионаттарына, 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпия ойындарына қатысты. Соңғы жылдары Әлемдік гран-при бәсекелерінде де тұрақты бақ сынап жүр. Әрине бұл жаһандық жарыстарда біздің қыздарымызға әзірше жоғары орындардың ауылы тым алыс екенін де жасырудың жөні жоқ. Ал КСРО тұсында атой салған Алматының АДК командасы көнекөз жанкүйерлердің есінде екені күмәнсіз. Сол кеңестік кезеңде қазақстандық волейболшы қыздар КСРО ұлттық құрамасы сапында әлем, Олимпиада чемпиондары атанғандары да ұмытыла қойған жоқ. Бірақ олар өзге ұлттың өкілдері еді. Қазір де Қазақстан құрамасы сапында жалғыз Сана Анарқұловадан басқа қандастарымыз көзге шалынбай тұр.
Қазақстанның баскетболдан ерлер құрама командасы да жанкүйерлерін қуанта алмай келеді. Азия чемпионаттарындағы ең биік нәтижесі 2007 жылғы 4-ші орын. 2002 жылғы жазғы Азия ойындарында ғайыптан тайып қоржынға қола салуға қауқары жетіпті. Бірақ осы уақытқа дейін Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатысып көрген жоқ. Қатыспайын демейді, іріктеу сындарынан өте алмайды. Азия құрлығынан. Ал Азияда әлемдік баскетболдың алыптары ойнамайтыны тағы аян.
Баскетбол құрамасында, қосалқы ойыншыларды қоса алғанда, 12 спортшы болады. Мұнда да қазақтар жетекші рөл атқарады десек, қателесеміз. Себебі құрама сапында Рүстем Мырзағалиев деген жалғыз қандасымыз ғана өнер көрсетеді. Сондықтан спорттың аса танымал осы түрінен алар сыбағамызды Әлжан Жармұхамедов сынды саңлақтар шоғыры соқталанып шыққанша келер күндердің еншісіне қалдыруға тура келіп тұр.
Енді еліміздегі қыздар баскетболы туралы бірер сөз. Жалпы, Қазақстанда қыздар баскетболының дәстүрі, командалар сапында жергілікті ұлт өкілдері мүлдем жоқтың қасы болды демесеңіз, жақсы қалыптасқан деуге негіз бар. КСРО кезінде ҚазМУ-дің «Университет» деп аталған командасы ел біріншілігінің жоғары тобында өнер көрсеткені мәлім. Оның құрамында ойнаған Надежда Ольхованы спортсүйер қауым жақсы біледі. Екі дүркін (1976, 1980 жылдар) Олимпиада чемпионы, екі дүркін (1975, 1983 жылдар) әлем чемпионы, Еуропаның алты дүркін жеңімпазы.
Бірақ ол – Ресейдің Алтай өлкесінің тумасы. ҚазМУ-ді бітірген. Қазір Киевте тұрады деген мәлімет бар. Кеңес уақытында, командалық спорттың қандай түрі екеніне қарамастан, одақтас республикаларда құрылған командалардың арасындағы күш тепе-теңдігін біршама сақтау мақсатында орталықтан ойыншылар жіберу дәстүрі бар болатын. Н.Ольхованың да Алматы командасына сондай жолмен келгені анық. Ал сол шақта «Университет» сапынан «мынау қазақ» деп көрсететін ойыншыны табудың өзі қиынға соғатын.
Қазақстанның қазіргі қыздар баскетболындағы жағдай да осыған ұқсас. Құрама сапындағы 12 ойыншының ішіндегі қазақ қыздарының саны екеуден асып көрмепті. Нәтижесіне келсек, ұлттық құрама құрылған ширек ғасырға жуық уақытта не Олимпия ойындарына, не әлем чемпионаттарына қатыса алған жоқ. Осынау жаһандық жарыстарға жолдама беретін іріктеу турнирлері қазақстандық қыздар үшін әзірше алынбас тас қамал болып тұр. Құрлықтық деңгейдегі түрлі жарыстардан да қоржынымыз ылғи бос қайтып жүр.
Елімізде біраз жұрт қызыға тамашалайтын командалық ойын түрі – хоккей. Бұл спорттағы табыстарымыздың тамсанарлықтай емес екеніне қарамастан, Құрлықтық хоккей лигасы мен Жоғары хоккей лигасында, Жастар хоккей лигасы мен Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін командалар үшін айтарлықтай қаржы қарастырылған. Мұны бір жағынан болашаққа салынып отырған инвестиция деуге де болар. Бірақ әзірше әлемдік деңгейдегі көрсеткіштеріміз көңіл көншітерліктей емес. Бұл сөзімізге алдағы жылдың басында болатын Олимпия ойындарына қатысуға жолдама беретін іріктеу сынынан өте алмағанымыз дәлел. Сондай-ақ әлем чемпионатының «А» тобында тұрақтап қалуға қауқар таныта алмай келеміз. Тұрақтап қала алмағанымыз өз алдына, «В» тобынан «А» тобына қайта ораламыз деген соңғы ұмтылысымыз сәтсіз аяқталды.
Қазақстанның мұз қататын аймақтарындағы ауыл-қалаларда бала кезінде қолына имек таяқ ұстамағандар кемде-кем болар. Олардың арасында қазақ балалары да аз кездеспейтін. Бірақ осы спорт түрі жақсы жолға қойылған жалқы қала Өскемен еді. Талай түлегі КСРО чемпионатының жоғары тобында өнер көрсететін командалар сапында ойнады. Борис Александров сынды Олимпиада чемпионы да шықты. Ағайынды Корешковтарды Магнитогордың «Металлург»
командасының жанкүйерлері әлі күнге құрмет тұтады. Виталий Еремеев Мәскеудің «Динамосының» қақпасын ұзақ жыл құлыпта ұстады. Николай Антропов күні кешеге дейін Ұлттық хоккей лигасында ойнады. Мансабының соңында екі-үш жыл «Барыстың» намысын да қорғап үлгерді. Айта берсек, Өскеменнен шыққан шебер хоккейшілер жеткілікті.
Шығыс өңірімізде өзге ұлттардың өкілдері басым тұрғандықтан екені даусыз, ұлты қазақ хоккейшілер мүлдем аз көрінді. Шынымызды айтсақ, есімізге Ерлан Сағынбаев пен Талғат Жайлауовтан басқа ешкімді түсіре алмай отырмыз. Айтпақшы, тафгайлығымен аты шыққан Дамир Рыспаев та өскемендік. Оның бір әлеуметтік желіге берген сұхбатында түрлі жастағы командалар сапында бар-жоғы 2-3-ақ қазақ баласы болғаны көлденең тартылады.
Әрине қазіргі кезде Қазақстанның қай облыс орталығы мен ірі қалаларын алсаңыз да хоккеймен айналысатын немесе ойнайтын қазақ балалары мен жастарын кездестіруге болады. Жоғары хоккей лигасы мен Жастар хоккей лигасында және ел чемпионатында өнер көрсететін жастар да бар. Бірақ тары ішінде бір бидай дегендей, өте аз. Мәселен, Қазақстанның 2017 жылғы әлем чемпионатына («В» тобы) қатысқан ұлттық құрамасы сапында бірде-бір жергілікті ұлт өкілі болған жоқ. Сол кездегі бас бапкер Эдуард Занковец тіпті бүгінде «Барыс» сапында тәп-тә-
уір ойын көрсетіп жүрген Талғат Жайлауовтың өзін құрамаға лайықты ойыншы деп таппады. Есесіне ұлттық құраманы ұшпаққа шығарады деп қолдан табиғиландырылған шетелдік хоккейшілердің қарасы (Кевин Даллмэн, Дастин Бойд, Брендон Боченски, Найджел Доус, Мартен Сен-Пьер) көп болды. Соған қарамастан Қазақстан құрамасы не әлем чемпионатының «А» тобына шыға алмады, не Олимпия ойындарына жолдаманы жеңіп алуға қауқары жетпеді.
Әрине балғын хоккейшілер қарап бой түзейтін шебер шетелдік хоккейшілер керек. Олар тіпті өз ойыншылары жетіп-артылатын аса мықты Ресей командаларында да бар. Ал Қазақстан жағдайына келсек, шетелдік легионерлердің Астананың «Барыс» командасына сіңіріп келе жатқан еңбегі ұшан-теңіз. Солардың көмегімен
биыл «Барыс» ҚХЛ-дың «Шығыс» конференциясында көш бастаушы командалар легінде келеді. Бір өкініштісі Нұрсұлтан Белгібаев, Мадияр Ибрайбеков, Әлихан Әсетов секілді талапты хоккейшілер әзірше ұлттық құрама түгілі, «Барыстың» негізгі құрамында тұрақтап қала алмай отыр.
Біз барлық командалық спорт түрін түгендеп шығуды мақсат еткен жоқпыз. Өйткені жоғарыда айтылған мәселелер басқа спорт түрлерінің де басында бар әрі егіз қозыдай ұқсас. Тек сөзіміздің соңына қарай командалық спорт түрлеріне жатпайтын, бірақ кейбір жағдайларда ұжымдық күш-жігерді де талап ететін екі-үшеуіне қысқаша тоқтала кеткенді жөн көрдік. Солардың бірі – спорттың падишасы саналатын жеңіл атлетика. Мұнда да өзге ұлттардың ұл-қызына ғана иек артып отырғанымызды айтпасқа амалымыз жоқ. Кезінде Ғ.Қосанов, Ә.Тұяқов сынды ағаларымыздың қазақтың «жеңіл» спорт түрінде де желдей есіп алар үлесі бар екенін дәлелдегендеріне қарамастан қазіргі ахуал осылай қалыптасып отыр.
Сөзімізге айғақ керек болса айтайық. Үстіміздегі жылы жеңіл атлетикадан Үндістанда өткен Азия чемпионатына барған 31 қазақстандық жеңіл атлетшінің үшеуі ғана қандасымыз болды. Ерлердің арасында тіпті бірде-біреуі болған жоқ.
Шаңғы спортындағы жағдайымызбен де мақтана алмаймыз. Бұл спорт түрлерінде азды-көпті табыстарымыз болса, олардың бәрі де өзге ұлт өкілдерінің есімімен байланысты және олардың арасында басқа да талапты жастар өсіп келе жатқанын айтуға тиіспіз. Қазір әсіресе биатлоншы Г.Вишневскаядан үміт күтіледі. Сол секілді шаңғымен жүгіруші А.Полторанин Олимпиададан олжалы оралса деген игі тілегіміз бар. Бұл орайда түрлі жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген фристайлшы Ю.Галышеваның есімін құрметпен атағанымыз жөн.
Елімізді жаһанға жария етеді деп ертеңге үмітпен қарайтын спорт түрлерінің бірі – үлкен теннис. Қазақстан құрамасының бас бапкері Д.Досқараевтың айтуына қарағанда, бүгінде Отанымызда осы спорт түріне деген қызығушылық үлкен, яғни онымен айналысатын өскіндер саны көптеп өсіп келеді... Ал әзірше түрлі жарыстарда еліміздің атынан түгел дерлік ресейлік теннисшілер шығып жүр. Бұл жерде «дерлік» деп отырғанымыздың мәні мынада: үлкен теннистің әліппесін алғаш Чехияда үйренген қандасымыз Зарина Дияс қазір Алматыда тұрады және жарыстарға Қазақстан атынан шығып жүр. Қалған теннисші ұл-қыздарымыздың ересектері осы спорт түріндегі алғашқы қадамдарын енді жасап жатыр әрі әзірше айтарлықтай табыстарға қол жеткізе қойған жоқ.
Қорыта айтқанда, спорттың командалық, сондай-ақ жоғарыда аз-кем тоқталған басқа да түрлерінен оза шапқан қазақ әзірше көзге түсер емес. Бір қуантатыны, жыл өткен сайын ел халқының әл-ауқаты артып келеді. Қала қазақтарының саны да көбейді. Осыған сәйкес, спорт секцияларына баратын балалардың қатары қалыңдай түсті. Ал саннан сапа шығатыны еш күмән туғызбайды.
Самат МҰСА,
«Егемен Қазақстан»
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Бүгін, 22:00
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Бүгін, 21:40
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Бүгін, 21:38
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Бүгін, 21:36
Теннис • Бүгін, 21:34
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Бүгін, 21:15
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Бүгін, 20:45
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Бүгін, 20:30
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Бүгін, 20:09
Алматыдағы автопарктер 400-дей экологиялық автобус сатып алуды жоспарлап отыр
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Бүгін, 18:47
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Бүгін, 18:36
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Бүгін, 18:36
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Бүгін, 18:34
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Бүгін, 18:30
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Бүгін, 18:26
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Бүгін, 18:15
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Бүгін, 18:01
Елордалық мектептерде «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Жануарларды нөмірлеу»: Қазақстандықтар COVID терминінің мағынасына наразы
Қоғам • Бүгін, 17:47
Президент тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін жұмыстар жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Асқар Молдағали каратэден Қазақстан командасының бас бапкері болып бекітілді
Спорт • Бүгін, 17:43
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Бүгін, 17:38
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Бүгін, 17:28
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Бүгін, 17:21
Әлеуметтік желілерде ПТР-тестілеу нәтижелері көрсетілген жалған бланкілер таратылуда
Қоғам • Бүгін, 17:20
2020 жылы төлем ұйымдары көрсететін қызметтер көлемі 15%-ға өсті
Қаржы • Бүгін, 17:11
Таиландта коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
Әлем • Бүгін, 17:08
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Бүгін, 17:08
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Бүгін, 17:02
Пандемия кезінде әлеуметтік жобаларға атсалысқан тұлғалар марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:56
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әуе рейстері қайта ашылады
Қоғам • Бүгін, 16:47
Қоғам қайраткері Болатхан Тайжанды еске алу іс-шарасы өтті
Қоғам • Бүгін, 16:40
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Ұқсас жаңалықтар