Референдум • 06 Қазан, 2024

Мазаир Панахов: Заң бұзушылық тіркелген жоқ

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан Орталық сайлау  комиссиясының төрағасы Мазаир Панахов елордадағы дауыс беру учаскелеріне, халықтың белсенділігіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz

Мазаир Панахов: Заң бұзушылық тіркелген жоқ

Фото:Kazinform

Әзербайжаннан референдум барысын бақылауға 13 адам, оның ішінде Парламенттен - 6, Орталық сайлау комиссиясынан 7 адам келді. Қазақстанда орналасқан дипломатиялық миссиядан тағы үш адам бар.

«Сағат 15:00-ге дейін 45 учаскеде дауыс беру барысын байқап үлгердік. Мен бір учаскеде адамдар кішкентай балалармен бірге келгенін көріп қатты таңғалдым. Тіпті олардың сайлаушы емес екендігі анық, бірақ ата-аналары дауыс бергенде іште ризашылықпен жүрді. Осы тұрғыда қазақ халқының еркін екендігі және өз қалауын білдіргісі келетіндігі сезілді», деді Мазаир Панахов.

Сонымен қатар ол дауыс беру барысында тіпті болмашы да заң бұзушылықтың болмағанын атап өтті.