Ұлттық статистика департаменті жүргізген зерттеуге сай, 2017 жылғы қазанда мемлекеттің саланың қарызы 500 миллиард фунтқа өсіп, сегіз миллиардқа жеткен. Сарапшылар елдегі тапшылық көлемінің ұлғаюын «Брекситпен» байланыстырады. The Guardian басылымы бюджеттегі шығынның ұлғаюы туралы мәліметтің Ф.Хэммонд есебімен тұспа-тұс келуі жағдайдың қызу талқылануына әкеліп соқты деп есептейді.
Алдағы жылдарға жасалған жоспар бойынша, қазынашылық бірқатар өзгерісті жүзеге асырмақ. Мәселен, бос тұрған үйлерге салынатын салықты 100 пайызға дейін ұлғайту көзделген. Сондай-ақ «Брекситті» аяқтау үшін мемлекет қазынасынан 3 миллиард фунт стерлинг бөлінеді. Ең төменгі жалақы мөлшері сағатына 7,83 фунт стерлингке көбейеді. Бұдан бөлек, жоспарда бірқатар жаңалықтар бар.
The Guardian газеті бюджетті жоспарлау кейбіреулерге тиімді, келесілер үшін қолайсыз болғанын айтады. Басылымның пікірінше, «Брекситті» жоспарлаушылар, үй сатып алушылар, мұғалімдер секілді бірқатар сала мамандары бюджет жоспарының қызығын көрмек. Есесіне үй салушы компаниялардың үлесі айтарлықтай азаймақ. Бюджет жоспарымен танысып шыққан BBC арнасы алдағы бірнеше жылда Ұлыбритания халқы үшін өмір сүру деңгейі төмендейтінін айтып отыр. Өйткені жаңа жобаға сай елдегі даму қарқыны алдағы 5 жылда 2 пайыздан аспайды.
Шолуды әзірлеген
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»