Спорт • 30 Қараша, 2022
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, сондай-ақ спорт мектебінің басшылары Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан өткен жастар арасындағы әлем чемпионатынан жеңімпаз боп оралған Элина Базарова мен эстетикалық топтық гимнастикадан Грацтағы (Аустрия) әлем чемпионатынан 3-орын иеленіп қайтқан «Кармелиты» командасының мүшелерін әуежайдан салтанатпен күтіп алды.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
«Айтуға оңай», «Қарекет» токшоуы арқылы қазақтың жүрегін елжіреткен қазыналы журналист Бейсен Құранбекті еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир өтті. Талдықорған қаласында осымен үшінші рет жалауын желбіреткен дәстүрлі жарысқа әр өңірден келген сегіз команда қатысты.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Бүгінде қазаққа жаһандану жат емес. Алайда жаһандану әлем алдында жұтылып кету деген сөз емес. Қазақстанда 19 млн халық бар болса, соның 12 млн-ы – қазақ ұлты. Тіпті 19 млн халқы бар әлемде қаншама қала бар!
Қоғам • 30 Қараша, 2022
«Qyzmet live» – халықпен кедергісіз байланыс
Биыл Жетісуда 1 076 307 мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, оның 916 866-сы жергілікті атқарушы органдарға тиесілі. Ал орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері 159 441 рет халыққа жәрдемдескен. Бұл ретте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің белсене жұмыс істеп жатқаны байқалады.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Ел жастары қазақтың қанында бар кісіліктің көрінісін Екібастұзда көрсетті. Қақаған аяздың қыспағында қалған жұртшылыққа еріктілер көмекке келіп, жалғыз басты қариялар мен көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемдесті. Күні-түні көшеде жанталасып құбыр жамап жүрген жұмыскерлерге ыстық тамақ пен шай апарып, олардың тоңып қалмауын қадағалады.