Жастар – ел болашағы. Сондықтан бәсекеге қабілетті, дені сау ұрпақ қалыптастыру мәселесі қашанда назардан түспейді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жастар есірткіге қарсы! Біз саламатты өмір салтын қолдаймыз!» деген ұранмен өткен акция да соның дәлелі болса керек.

Іс-шараны ұйымдастыруға Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, ЖИТС орталығы және №3 қалалық емхананың «Жас Толқын» жастар денсаулық орталығының мамандары мұрындық болды.
Осы күні акция өтетін залдың маңында «Денсаулық бұрышы» ұйымдастырылып, онда студенттер мен акцияға келген қонақтар уролог, психолог, гинеколог дәрігерлерден кеңес алды. Сондай-ақ қант диабетіне, ЖҚТБ-ға (Жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) жедел тест тапсырған студенттер де аз болмады. Жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырған іс-шарада нашақорлық салдарымен қатар есірткі саудасымен айналысқандарға тағайындалатын қылмыстық жаза жөнінде жан-жақты айтылды.
– Бүгінгі акцияның мақсаты жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақыру болды. Негізі осындай іс-шаралар жергілікті әкімдіктің бастамасымен жоспарлы түрде ұйымдастырылады. Бүгін жастарға есірткінің зиян екенін, оны саудалағандарға заң үкімі қатаң екенін барынша түсіндірдік. Қазір жастар нашақорлықтың қандай қиындыққа апаратынын әлеуметтік желіден біледі деп ойлаймыз. Сол үшін де жастар есірткіден бас тартуы керек. Өйткені синтетикалық есірткі тұтынғандар өзінің зиянды заттың жетегіне қалай ергенін білмей де қалады. Ал заң бойынша есірткі саудасымен айналысқандар, яғни есірткі сақтап, сатқан немесе жарнамалағандар жазадан құтылмайды. Міне, осылайша біз жастарға нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлерді барынша түсіндірдік деп ойлаймыз, – дейді Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының нашақорлықтың алдын алу, ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің басшысы Сергей Ильинов.
Ізін ала ЖИТС орталығының маманы Ажар Тұрымова студенттерге ЖИТС-тің белгілері және сақтану жолдары туралы айтып берді. Спикер ЖИТС туралы білмейтін жастардың көп екенін еске салып, аурудың осы түрі нашақорларға қан арқылы тарау қаупі бар екенін түсіндірді. Осы тұста Астана қаласы бойынша саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Қанат Хамзин жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары өзекті екенін ескертті.
– 26 маусым есірткі мен нашақорлықтың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күн деп белгіленген. Бірақ біз мұндай акцияларды бір күнге теліп қоймай, жылына бірнеше рет ұйымдастырамыз. Қазір есірткі қолданатындарды былай қойғанда, жастар арасында есірткі саудасымен айналысатындар көбейіп барады. Заңсыз әрекетке батылы жеткендерге жаза қатаң. Жастар соны ұғынса екен дейміз. Студенттер есірткінің зияны және қылмыстық жауапкершілік туралы ақпаратты мамандардың өзінен естіген соң, түйсігіне жетеді деп ойлаймыз. Біздің орталық балабақшадан бастап, мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында жиі кездесетін аурулардың алдын алу шараларын өткізеді. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, жастар, тіпті оқушылар арасында электронды темекі тұтынатындар көбейген. Енді осыған ата-ана немесе мектеп жауапты деп шектелмей, қоғам болып ықпал етуіміз керек деп ойлаймын, – дейді ол.
Іс-шарада құқық қорғау және медицина саласының мамандары студенттермен еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.
Түркияда тағы екі отандасымыз жоғалып кетті
Оқиға • Бүгін, 13:30
Эстонияның теңіз академиясы Қазақстан студенттерін оқытуға дайын
Білім • Бүгін, 13:15
Бес өңірдегі Президент резиденциялары балалар игілігіне беріледі
Қоғам • Бүгін, 13:07
Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидалары өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 12:53
Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді
Әлем • Бүгін, 12:42
Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәби құтқарылды
Әлем • Бүгін, 12:30
«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 00:28
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары
Үкімет • Бүгін, 00:26
Ұқсас жаңалықтар