Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы мен «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі «Тегін заң кеңесі» орталығының жұмысын қорытындылап, дөңгелек үстел өткізді. Соңғы алты айда орталық мамандарына өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, заң кеңесіне жүгінген қала тұрғындарының көбі алаяқтардың құрбанына айналғандар екен.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»
«Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің заң кеңесін үйлестірушісі Дана Сләмжанованың айтуынша, орталыққа хабарласқан азаматтарға құқықтық кеңес беріліп, құжаттары рәсімделген. Сондай-ақ сотқа дейінгі амалдар қарас-
тырылып, әдістемелік көмек көрсетілді. Кеңес беру орталығының заңгерлері ұялы байланыс арқылы – 500-ге жуық, Whatsapp әлеуметтік желісімен – 185, сайт арқылы онлайн кеңесші 30 азаматтың сауалына жауап берген. Бүгінде орталықта тіркелген 12 істің 10-ы сотқа жолданып отыр.
Орталық мамандары «24/7 жедел желі» арқылы кеңес беріп, қаланың 8 ауданы бойынша жылжымалы мобильді заң қызметін көрсетті. Ай сайын, кемінде 2 рет «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталықтары, мүгедектер қоғамы, базарлар, емханалар, сауда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында, жұрт көп жиналатын қоғамдық орындарда жалпы саны 60-тан астам азамат кеңес алған. Ақпараттық түсіндіру бойынша мыңға жуық кітапша таратылды.
«Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің заңгері Айбол Қожатаев атап өткендей, орталыққа хабарласқан азаматтардың көпшілігі алаяқтардың құрбаны болған. Әлдекімдер атына несие ресімдеп алғандар араша сұрап, заң әділдігін іздеп жүр.
– Өтінішпен хабарласқандардың 20-ға жуығы қаржы пирамидаларына алданып қалған болса, неке, отбасы, еңбек заңнамасы, азаматтық қарым-қатынас, қылмыстық мәселелерге қатысты сауалдар мазалаған тұрғындарға заңгерлер дер кезінде жауап берді. Әлеуметтік желілер арқылы Қазақстанда тіркелмеген компанияларға алдану деректері көп кездеседі. Ал оның себеп-салдарын дәлелдеу шешімін оңай таппайтыны сөзсіз. Бұл бағытта құқық қорғау органдары тарапынан іздестіру жұмыстарының да ұзаққа созылатыны анық. «Тегін заң кеңесі» орталығының мамандары осы мазмұндағы сауалдарға орай жауап беріп, басталған істі соңына дейін қадағалайды. Жобаның мерзімі шектеулі болғанымен, азаматтардың өтініші аяқсыз қалмайды, – дейді А.Қожатаев.
Заңгердің пікірінше, әртүрлі жағдайларға тап болған азаматтардың жағдайы – қоғам тарапынан назар аударатын күрделі мәселе. Осы орайда заңгер қарапайым халықтың құқықтық, қаржылық сауатын көтеру уақыт күттірмейтін мәселе екенін алға тартты. «Бұл бағыттағы ақпараттандыру жұмыстары мектептерде, барлық білім беру орталықтарында алғашқы курстардың бірі ретінде оқытылса құба-құп. Өз құқығын қорғауда тиісті орындар тарапынан профилактикалық шаралар жиі іске асып, заңгер мамандар қажет болған жағдайда азаматтарға кеңес беріп отыру өте маңызды», дейді А.Қожатаев.
Жиында халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығы жөнінде баяндама жасаған заңгер Сұлтан Нұрғалиев «тегін заң кеңесі жалғасын тапса игі» дейді.
– Қоғамда азаматтарды тұрғын үй, несиелеу, отбасы, борышкерлік, ажырасу, мұрагерлікке қатысты мазалайтын мәселе көп. Заң кеңесі, әсіресе өмірлік қиын жағдайдағы жандарға қажет. Әділдік іздеп, араша сұрап жүргендерге заңгерлер, адвокаттар, заңгерлік қоғамдастық тарапынан тегін кеңестер, тіптен кеңеспен шектеліп қалмай, қажет болған жағдайда құқығын қорғау ісіне араласуы қажет. Жергілікті басқарушы органдарға жүгінген азаматтың әлеуметтік мәселесі дер кезінде шешілмей қалған болса, тиісті органдар мамандары нақты заңгерлерге бағыттап отыруы көп мәселенің шешімін тауып, алдын алуға ықпал етер еді. Бүгінде қоғамда туындап отырған құқықтық, қаржылық сауаттылықты арттыруға заңгерлер қауымдастығы, қоғамдық ұйымдар тікелей атсалысуы қажет. «Тегін заң кеңесі» осы қысқа мерзім ішінде көп азаматқа қолұшын созып, қолдау көрсетті. Жоба аясында өтініш берушінің жауапты өкілі ретінде соттарға баруға тура келді. Ендігі кезекте басталған істерді аяғына дейін жеткізу міндеті тұр, – дейді С.Нұрғалиев.
Орталық заңгері Жасұлан Омаровтың айтуынша, азаматтардың өтініштерінің дені несие мәселесіне қатысты. Өзінің заңды құқығын білмегендіктен, алған несиесін ұзақ уақыт бойы төлеп жүргендердің мәселесі қиындық туғызады.
– Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, елімізде 28 мың адамның несиесі кешірілетіні айтылды. Осы мәселеге орай хабарласқан азаматтар көп. Азаматтардың жағдайын жеңілдетуден туған бір реттік шара қоғамда қордаланған мәселені шешпейтіндігі белгілі. Қандай да бір келісімшарт жасалғанда оның құқықтық маңызына назар аудару қажет. Ендігі кезекте несие ресімдегенде банк шарттарымен жете танысып, төлей алмайтын жағдайда өтініш беру, төлеу мерзімін қайта қарастыру, тіптен несие каникулын қарастыру жағын ескерген абзал. Азаматтар заңнамаларды, өз құқығын жеткілікті білмеуінен заңсыздыққа ұрынып отыр. Тіптен бүгінде біраз халық интернет алаяқтардың құрығына түскен. Баспаналы болуды армандаған көпшіліктің сенімсіз құрылыс компанияларына алданып жүргені де алаңдаушылық туғызады, – дейді Ж.Омаров.
Қоғамдағы мұндай кереғар жайттардың алдын алуда құқықтық кеңес беру, қаржылық сауатты арттыру жеткіліксіз. Мамандардың пікірінше, аудан орталықтарында, аймақтарда өндіріс орындарын ашып, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілсе, табысы тұрмысына жетіп отырған жұртшылықтың әлеуметтік желідегі жеңіл табыспен әуресі де болмас еді.
АЛМАТЫ
Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді
Әлем • Бүгін, 12:42
Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәби құтқарылды
Әлем • Бүгін, 12:30
«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 00:28
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары
Үкімет • Бүгін, 00:26
«Ерекше театрдың» елордадағы премьерасы
Театр • Бүгін, 00:24
Пікір • Бүгін, 00:21
Әлеуметтік кодекс жобасы таныстырылды
Сенат • Бүгін, 00:19
Экономика • Бүгін, 00:14
Ұқсас жаңалықтар