Руханият • 28 Қараша, 2024
Ұлы Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейтін ұлағаты бар. Жанартаудай жасын жырларымен өз үнін, өз бағытын танытқан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қазақтың аяулы ақыны Фариза Оңғарсынова осы үш қасиетті темірқазықтай берік ұстанды. Қаламгерлігі мен қайраткерлігі қатар өрілген ақын туған елін де, жылы жүрегінен төгілген лағыл өлеңін де аялады. Өзгеге ұқсамайтын талантымен, қайталанбайтын өршіл мінезімен қазақ қыздарының поэзиясын заңғар биікке көтерді.
Аймақтар • 28 Қараша, 2024
Қауіпсіздік мәселесі пысықталды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, елді мекендерді инженерлік қорғау жоспарын жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспардан тыс отырысында мәлім етілді. Басқосуда 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі талқыланды.
Спорт • 28 Қараша, 2024
Орта салмақта күш сынасып жүрген ұлыбританиялық Хамза Шираздың (21-0, 17 КО) екі бірдей белді нұсқа бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) жұдырықтасудан бас тартқаны белгілі. Тұманды Альбион өкілі сол үшін жазаланды. Күні кеше ғана Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBO) Ширазды ТОП-15 боксшының тізімінен алып тастады.
Аймақтар • 28 Қараша, 2024
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы журналистерге арнап баспасөз турын ұйымдастырды. Республикалық, өңірлік БАҚ өкілдері облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралап, әр саладағы жұмыстармен танысты.
Шахмат • 28 Қараша, 2024
Италияның Монтесильвано қаласында шахматтан кадеттер арасындағы (U8-U12) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл жарыста еліміздің құрамасы толайым табысқа қол жеткізді.