Руханият • 07 Қараша, 2024
Рухани құлдыраудың ащы шындығы
Қазір әлемдегі аз халықтардың рухани құлдырауға ұшырауы хақында зерттеулер жүріп жатыр. Бұл – бүгінгі жаһандану дәуірінде көптеген халық үшін ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Ат төбеліндей аз ұлыстар өздерінің бай мәдениетін, тілін, дінін және ұлттық болмысын жоғалту қаупімен бетпе-бет келді. Бағзы замандардан бері өмір сүріп келе жатқан үндіс пен мәдени ассимиляция барысын басынан өткізген Солтүстік Америкадағы көптеген осы тектес тайпалар тағдыры бәрімізге белгілі. Саны күн сайын азайған кейбір тайпаларда өз тілдерінде сөйлейтін адамдардың шоғыры да сиреп, ең соңында ұмыт болып қала берді.
Қоғам • 07 Қараша, 2024
ТikTok контенті қатаң қадағалануы керек
Қытайдың «ByteDance» компаниясына тиесілі TikTok әлеуметтік желісі бүгінде әлемге кеңінен танымал болып, ай сайынғы аудиториясы 1 млрд адамнан асып жығылып отыр. Уикипедияның мәліметіне қарағанда, Қытай елінде аталған платформаны пайдаланушылардың 60 пайызы 25–44 жас аралағындағы адамдар болса, өзге мемлекеттерде оны көбінесе 24 жастан асқан азаматтар пайдаланады екен.
Руханият • 07 Қараша, 2024
Түркістан облысы Түлкібас ауданының Абай ауылында халықаралық ғылыми конференция өтті. Иә, халықаралық деңгейдегі басқосулардың ірі мегаполисте немесе облыс орталықтарында ұйымдастырылатыны мәлім, бұл конференцияның бір ерекшелігі де талқыланған тақырыпқа арқау болған тарихи нысан – «Мұхаммед Нұран баб» кесенесінің ашылуына орайластырыла өткізілуінде еді. Кесене – бабтар дәуірінен жеткен жалғыз жазба ескерткіш.
Аймақтар • 07 Қараша, 2024
Полиция қызметкерлеріне қызметтік көлік табысталды
Абай облысында гарнизондық сапқа тұрғызу сәтінде өңір тыныштығын күзеткен полиция қызметкерлеріне 50 жаңа қызметтік автокөліктің кілті тапсырылды. Салтанатты рәсім аясында сөз алған өңірдегі Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан материалдық-техникалық базаны жақсартуға жергілікті атқарушы органдардың қосқан үлесін атап өтті.
Мәдениет • 07 Қараша, 2024
Жақында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қолдауымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдары құрастырған «Алпамыс батыр» жинағы жарыққа шықты. «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция барысында таныстырылған жинаққа жырдың кең тараған, ең көлемді М.Сандыбайұлы – С.Аққожаев нұсқасы және Ю.Новикова мен А.Тарковскийдің орыс тіліндегі көркем аудармасы, сондай-ақ ағылшын тіліндегі жолма-жол аудармасы енген.