Қоғам • 07 Қараша, 2024
Пластик қалдықты кәдеге жаратады
Қ.Сәтбаев университеті, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы», «Coca-Cola İçecek Kazakhstan» компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум пластикалық қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу жобалары арқылы оның тиімділігін арттыруды көздейді.
Талбесік • 07 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бірегей жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу мәселесі әлі де өзекті екенін алға тарта отырып, бұл бағытта қажетті шаралар қабылдауды тапсырған еді. Расы керек, ел аумағындағы жыртқыш құстардың саны бір кездері күрт кеміп кетті. Қызыл кітапқа енгені бар, енбегені бар, қаскөйлер қызығын көріп бақты. Қазірде мұндай құстар мемлекет қарауына алынған. Сарышаған теміржол стансасынан 8 шақырым жердегі «Самұрық» жыртқыш құстарды өсіру, мониторингілеу және оңалту орталығы Арқа көгіндегі жыртқыш құстың түр-түрін аман сақтап, самғатып тұр.
Білім • 07 Қараша, 2024
QS рейтингі: Сапа биігінен көріне аламыз ба
Мемлекет басшысы білім жүйесінің жекелеген ғылыми орталықтар, технопарктермен ынтымақтастығы әлеуеті зор зерттеу университеттерін құрылымдауға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын. Осы мақсатта елімізде 20-дан астам жоғары оқу орнында үздік шетел университеттерінің филиалы ашылып, алдағы уақытта 10-нан аса оқу орны халықаралық келісімге қол жеткізбекші.
Шахмат • 07 Қараша, 2024
Ақыл мен ой, ми мен жүрек қуаты таразыға түсетін спорт ойындарының төресі – шахмат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде есімдерін әлем жұртшылығы жақсы білетін Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева сынды шаршы тақта шеберлерімен кездесуінде елімізде шахматпен шындап шұғылданатындардың саны 200 мыңнан асатынын, бұл көрсеткіш кемінде екі есе артуға тиіс екенін тілге тиек ете келіп, аталған спорт түрін алдағы уақытта мектеп бағдарламасына факультативтік пән ретінде енгізген дұрыс деген еді.
Спорт • 07 Қараша, 2024
Қарағандыда футзалдан жасөспірімдер арасында қоғам қайраткері, заңгер Балапан Әбеновті еске алуға арналған облыстық турнирдің дәстүрлі түрде өтіп келе жатқанына алты жыл болды. Елдің игілігіне қызмет қылған арда азамат атындағы доп додасына биыл 12 команда қатысты.