Аймақтар • 28 Қараша, 2023
Тараз қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бойынша оңтайлы ипотекалық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі кезде мемлекеттік қордан тұрғын үй кезегінде тұрған I, II топтағы мүгедектігі барлар, көпбалалы отбасы, мүге- дектігі бар бала асыраушы отбасы, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында тұрған азаматтарға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 460 пәтерге 4 млрд теңге бөлінген.
Саясат • 28 Қараша, 2023
Ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянның төрағалығымен Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 11-отырысы өтті.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Түркістан облысы халқының 1 млн 200 мыңға жуығы, яғни 49,2 пайызы әйел. Өңірде 177 мыңнан астам көпбалалы ана бар, оның 15 мыңнан астамы – «Алтын алқа», 43 мыңнан астамы «Күміс алқа» иегері. Демографиялық өсу деңгейі жоғары өңірде биыл 9 айда 41 233 бала дүниеге келген.
Үкімет • 28 Қараша, 2023
Тауар өндірушілерге – қосымша 30 млрд теңге
Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету үшін резервтен 30 млрд теңге бөлді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Бұл шара мал өсірушілер алдындағы субсидиялар бойынша берешекті өтеуге мүмкіндік береді.
Теннис • 28 Қараша, 2023
Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы 2024 жылы шымылдығы түрілетін Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Аргентинамен күш сынасады. Бұл кездесу 2-4 ақпан аралығында өтеді.