Аймақтар • 05 Қараша, 2024
Қауіпсіздік талаптары қатаң сақталса...
Павлодар өңірінде салғырттық салдарынан тілсіз жаудың құрбанына айналып жатқан жандардың қатары азаймай тұр. Жылу маусымы басталғалы өрт қауіпсіздігін дұрыс сақтамау салдарынан бес бірдей адам қаза болды. Өрт сөндірушілер марқұмдардың екеуін жанып кеткен үйдің ішінен тапса, тағы үшеуі пештен бөлінген улы газға тұншығып өлген.
Сұхбат • 05 Қараша, 2024
Жангелді БИМОЛДИН, Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры: Мұрағаты түгел ел мұратына жетеді
– Жангелді Бержанұлы, бір ғұлама: «Өткен тарихты білмеген адам нәресте күйінде қалады» деген екен. «Архивсіз тарих жоқ, тарихсыз халық жоқ» деген қағида тағы бар. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?
Халық • 05 Қараша, 2024
Демографиялық даму – мемлекет тірегі
Демография – кез келген елдің дамуындағы маңызды, шешуші фактор. Мемлекеттің өсіп-өркендеуіне халық саны барынша ықпал етеді. ХХ ғасырдың басында ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы жазбаларында сол кездегі халқымыздың саны 6 миллионға жеткені туралы мәлімет бар. Бірақ халықтың басына түскен түрлі нәубет – аштық, қуғын-сүргін, соғыс сынды сұрапыл оқиғалар қазақтың демографиялық өсімін тежеп, 6 миллионды 1,5 миллионға дейін азайтып жіберді. Ал ХХІ ғасырда 20 миллионға жеттік. Бағалай білсек, бұл да болса егемендіктің арқасы, ел тарихындағы ең басты жетістігіміздің бірі.
Айбын • 05 Қараша, 2024
Алғашқы әскери дайындық пәні ұстаздарына арналған дәріс
Шымкент қаласының алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімдері әскери даярлықтың негізгі пәндері бойынша оқу-әдістемелік сабақтан өтті. Бұл дәрістер «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының аумағында жүргізілді.
Қоғам • 05 Қараша, 2024
Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры болып жүргенімде, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, МГУ-дің Ломоносов атындағы сыйлығының лауреаты, есімі республикадан асып, шетелге де танымал тілші-ғалым, педагог Валентина Жұмағұловамен бірге қызметтес болдым.