Аймақтар • 27 Қараша, 2023
Облыстық жастар-ресурстық орталығы «Bastau Talks» қоғамдық дәрісін өткізді. Жастардың ісіне жан бітіретін мұндай іс-шара жыл сайын өткізіліп тұрмақ.
Энергетика • 27 Қараша, 2023
Жасыл энергияға көшу қажет пе?
Атом десе, ат-тонымызды ала қашатын жөніміз де бар. Олай дейтініміз, қазақ даласын дүр сілкіндірген Семей ядролық полигонының зардабын күні бүгінге дейін тартып отырмыз. Сонау Чернобыльдегі АЭС-те болған алапат апат та елдің есінде. Дей тұрғанмен, жасыл энергияға көшудің тиімді тұстары да бар екен. Ол туралы энергетика, атом саласының мамандары айтып берді.
Қоғам • 27 Қараша, 2023
«Amanat» партиясының экология мәселесіне айрықша ден қойып, көңіл бөлуінің нәтижесінде Алматы облысында бірқатар игі іс атқарылып келеді. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жергілікті полиция, экология департаменттерімен бірлескен рейдтер жүргізіліп, өндірістегі экологиялық бастамалар күшейтілген. Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2027 жылға дейін өңірде 337 шақырым туристік соқпақ пен маршрут жүргізіледі.
Пікір • 27 Қараша, 2023
Жуықта көптен таныс әрі үнемі жақын жүретін ауылдасым жолықты. Әдеттегідей амандық-саулықтан кейін тұңғыш қызын ұзатқанын көтеріңкі көңіл күймен жеткізді. Біз де қарап қалмай «барған жерінде бағы ашылсын!» дедік. Рахметтен кейін танысым: «Құдаларым текті тұқымнан», деді. Ойланып қалдым. Күдігімді сейілтейін дегендей ауылдасым: «Құдамның әкесі өнер қайраткері екен, ал қайын атасы – халық әртісі», деді. Аттарын айтты. Шынында аса танымал тұлғалар, бірақ... «Құдаңыз қазақша біле ме?» деп сұрадым. Ол басын шайқады.
Еңбек • 27 Қараша, 2023
Іс бастағанға – ілкімді қолдау
Қарағанды облысында биыл 14 мыңнан аса жас жұмыспен қамтылды. Бұған қоса бизнесті дамыту аясында биыл 180-ге жуық грант беріледі. Мемлекеттің қолдауын сезінген жас кәсіпкерлер жобаларын жемісті жүзеге асырып жатыр. Мәселен, Қарағанды қаласында виртуалды курс ашылды. Ол жерде оқушылар физика, химия, анатомия, биология және басқа да пәндер бойынша қосымша білімін жетілдіреді. Сондай-ақ дастарқан, майлық, сүлгі, халат тігетін цех та өз өнімдерін нарыққа шығарып отыр.