Руханият • 02 Қараша, 2024
Жазушының шығармашылық зертханасы
Мұндай ғажап та тарихи сәтті қолына қалам ұстаған кез келген қаламгер армандайтын шығар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бір аптаға созылған суреткер шығармашылығын зерделеуге арналған мазмұнды шараның барлығы да жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Франц Кафка медалінің иегері, профессор Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Жансарай • 02 Қараша, 2024
95 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық Қазақ драма театры еліміздегі ең алғашқы «кәсіби мамандар театры» есебінде тарих бетіне алтын әріппен жазылып қала бермек. Кәсіби маман сөзі бүгінде қалыпты саналғанымен, өткен ғасыр басында оны алып шығу екінің біріне бұйырмаған бақыт болатын. Жұмат Шанин – қазақ театрының негізін қалаған реформаторы болса, Халел Шәженов – Ресейдің мойындалған әйгілі оқу орнынан режиссер атанып шыққан тұңғыш қазақ.
Өнер • 02 Қараша, 2024
Қоңыр күздің кезекті күндерінде Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының «Шалқыма» халық би ансамблі «Алтын қор – би қазынасы» атты концертін ұсынды. Мәдени кеш Қарулы күштердің ұлттық әскери патриоттық орталығында өтті.
Зерде • 02 Қараша, 2024
Қазақ әйелдері арасында алғаш роман жазған Сара Мыңжасарованың туғанына 100 жыл толуына орай биыл «Оқитын өлке» акциясы аясында Ақтөбе облысында жазушы шығармалары таңдалып, қаңтар айынан бастап кітапхана, мектептерде небір маңызды іс-шаралар өтті. Шалқар аудандық орталық кітапханасының коворкинг залында «Өз дәуірінің тамыршысы» атты әдеби кеште ақтөбелік өлкетанушы Жұмабай Асарбаев осыдан қырық жыл бұрын Алматы қаласында Сара Мыңжасаровамен дәмдес болғанын, сол отырыста Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова сынды қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері мен журналист Мәриям Қарақонақова жазушы апамызға керемет құрмет көрсеткенін жеткізіпті.
Басылым • 02 Қараша, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Қазақ мемлекеттілігі: бастаулары, тарихи сабақтастығы және эволюция» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Мазмұнды іс-шара тарих ғылымдарының докторы, профессор Сатай Сыздықовтың 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.