Руханият • 27 Қараша, 2023
Ел абыройын асқақтатып жүрген тарихшылар арасында есімі алыс-жақын шетел жұртына жақсы таныс санаулы ғалым бар. Солардың бірі – ҰҒА академигі, Ұлттық музейдің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәкен Таймағамбетов.
Ән • 27 Қараша, 2023
Адам баласының ғұмыры махаббатпен мәнді екеніне күмән жоқ. Көңілдің күнделігінде қалған аяулы сәттердің әсері жылдар жылыстаса да, кісі жанын көзге көрінбейтін шуағымен шомылдырып, тіпті кейде сәулесімен жылытып тұрғандай болады. Сағымға айналған өткен шақтың сағынышқа толы болатындығы да сондықтан шығар. Қалай десек те, өткен шақ атаулының адам жүрегінде бармақтай ізі қалады. Оны ұмыту мүмкін бе екен? Кім білсін...
Зерде • 27 Қараша, 2023
Дала қазағының өмірін бояумен әрле десе, Қастеевтің картинасына үңілетініміз хақ. Ол ғажайып суретші ғана емес, құс қанаты талатын байтақ даламыздың қоңыр түсі. Бала күнінен табиғатқа ғашық болды, бізді де ғашық етті. Туған топырағынан өнерге деген сүйіспеншілікті алып, әлемге таратты. Айналасына бала жүрекпен қарады. Осылайша, таңданыс пен қуаныш сезімі картинасының әрбір бөлшегінде шуақ шашып тұрды.
Өнер • 27 Қараша, 2023
Домбырашының он саусағынан төгілген күмбір күйге ағаш жануар билеп қоя берді. Тұрған орнында әрі-бері секіріп, түз тағысындай ойқастайды келіп. Тұяғының дыбысы түгел залға естіліп тұр. Тық-тық-тық... Әсем әуенге еліткен жұрт шанақтан төгілген күймен үндесе билеген қуыршақтарға тәнті болып, әр қимылынан көз ала алмай отыр. Иә, бұл – «Ортеке» биі.
Аймақтар • 27 Қараша, 2023
Желдің кесірінен жарықсыз қалды
Бұл күндері солтүстікте ауа райы құбылып тұр. 18 қарашада қалың қар түсіп, күн -15 градусқа дейін суытқан болатын. Ертесіне қатты дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 28, кей жерлерде тіпті 30 метрге дейін барды. Артынша ауа райы жылымық танытып, қар аралас жаңбыр жауа бастады. Екпіндей соққан суық жел электр желілерін қатырып, кей жерлерде электр қуатын беру тоқтатылды. Әсіресе Мағжан Жұмабаев ауданында күрделі ахуал қалыптасты. Мұнда жоғары вольтті ВЛ-110 кв электр бағандарына зақым келіп, дауылға шыдас бермей, құлап кеткендері де бар. Басқа аудандардағы жағдай да мәз емес. Электр жарығын өшіруге тура келген соң 183 ауылдық елді мекен жарықсыз қалды...