Ұстаз • 28 Қараша, 2024
Ерекше баланы оқытатын педагог қолдауды қажет етеді
Педагогке де педагог керек. Себебі білім заманның қажеттілігі мен қоғамдағы өзгерістерге қарай әрдайым жаңарып отырады. Оның үстіне білім алушылардың қабілет, даму, физиологиялық, психологиялық жағынан әртүрлілігі де үйретушінің үнемі үйреніп, тәжірибелік тұрғыдан шыңдалып отыруын талап етеді. Сол үшін де мұғалім әрқашан ізденісте жүруі қажет.
Университет • 28 Қараша, 2024
«Күміс университеттің» берері көп
Әрдайым өзгеріп отыратын заман ағымы бізден үнемі оқуды, ізденуді, дамуды талап етеді. Мысалы, адамның 20 жасында университетте алған білімі 30 жыл өткенде сөзсіз ескіріп қалады. Ал 50-ден енді ғана асқан жан берісі зейнет жасына жету үшін, әрісі күш-қуаты сарқылғанша қоғамнан алыстамай, кәсіби тұрғыда сұраныста болу үшін үздіксіз өзін жетілдіруге талпынады. Осындай талапшыл егде жастан асқандарға күміс университетте оқуға болады.
Жастар • 28 Қараша, 2024
Мұнайлы өңірдің өндірістегі жұмысшы жастары арнайы слетте бас қосты. Іс-шара Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер альянсы» КҚ «Active youth» жобасы аясында ұйымдастырылған. Мақсат – өңірдегі жұмысшы жастардың еңбегін бағалау, оларға қолдау көрсету және кәсіби дамуына ықпал ету.
Тәрбие • 28 Қараша, 2024
Заң үстемдік құрған, азаматтық қауіпсіздік басты талап етілген қоғамда жастар құқықтық тұрғыда сауатты болуға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да мәлімдеді. Сонымен, қазіргі жастар өз құқын қаншалықты біледі?
Сұхбат • 28 Қараша, 2024
«Жас буынның бойында үрей басым»
Былтыр елімізде жастардың менталды саулығын нығайту мақсатында «BF-line» жобасы іске қосылды. Әлеуметтік бастама Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған. Өткен аптада мамандар аралық қорытындыны жариялады. Осы орайда жоба жетекшісі, психотерапевт Жанат ДОСЖАНОВАМЕН сұхбаттасудың сәті түскен еді.