Сұхбат • 01 Қараша, 2024
«Шығыс өңірінің мүмкіндігі мол» - Әлішер Сүлейменов
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасын басып өтетін ең ұзын көпірдің ашылуы ел өміріндегі айтулы оқиға болды. Жалпы, соңғы уақытта Шығыс өңірі жүзеге асырылып жатқан жарқын жобаларымен, қомақты көрсеткіштерімен қуантып келеді. Осы орайда облыс әкімінің кеңесшісі Әлішер СҮЛЕЙМЕНОВТІ әңгімеге тартқан едік.
Экология • 01 Қараша, 2024
Табиғи құбылыс адамға әрдайым пайда әкеле бермейді. Айтып келмеген апат материалдық құндылықтарды қиратып қана қоймай, халықтың қалыпты өмірін бұзады. Бүгінде климаттың өзгеруімен, қарқынды урбандалумен, индустрияландырумен ушыға түскен апаттар ауқымы қоғамның тұрақтылығын арттыру міндетін өзекті етіп отыр.
Аймақтар • 01 Қараша, 2024
Атыраудан Астраханға апаратын жол құрылысы тәмамдалуға таяу. Құрылысы ұзаққа созылып, жөндеу баяу жүрген бұл жол көпшілікті әбден сарсаңға салды. Енді бұл жол жөндеуден соң үшінші санаттан екінші санатқа ауыстырылмақ. Сол кезде көлік ағыны да көбейетін көрінеді.
Аймақтар • 01 Қараша, 2024
Кәріз су кешені салынатын күн жақын
«Елу жылда ел жаңа» дегенді жиі айтып жатамыз. Әйткенмен, тәуелсіздік алғалы бері отыз жылдан астам уақыт өтсе де, Тараз қаласы мен онымен жапсарлас Жамбыл ауданы жұртшылығының жүйкесін жұқартқан кәріз суы кешенін салу мәселесі кейде тіпті шешімін таппайтындай көрінетін. Олай емес екен. Тұрғындар тілегі орындалатын болды. Жергілікті атқарушы билік жұрт жанына батқан түйінді шешуге ниетті.
Үкімет • 01 Қараша, 2024
Күн тәртібінде – цифрландыру мәселесі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда Қазақстан мен Вьетнам арасындағы құқықтық ынтымақтастық туралы заң қаралды. Сондай-ақ депутаттардың цифрландыру мәселелері бойынша сауалдарына сала министрі жауап берді. Отырыста сенаторлар өзге де мәселелерге қатысты депутаттық сауалдарын жолдады.