Пікір • 28 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде ант берді. Туған халқына арнап жүректен шыққан сөздерін айтты. Еліміздің бүгіні мен келешегіне көзделген, жаңа өзгерістердің нақты бағдарламасы мен жоспары айтылды.
Пікір • 28 Қараша, 2022
Қолдау көрсету – баршаның міндеті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа 7 жылдық мерзімге қайта сайлануына байланысты ұлықтау рәсіміндегі сөздерін толық тыңдап шықтым. Президент жауапкершілігіне орасан зор міндеттер алды. Ата Заңымызға қолын қойып, бүкіл халыққа ант беріп, «Мемлекет, ел мүддесі мен үшін бәрінен биік, ел сенімі мен үшін ең үлкен жауапкершілік» деп толғана сөйлеуі – біле-білген адамға өте керемет әсер қалдырғаны анық. Орасан жауапкершілікті мойнына алу, «орындаймын», «орындатамын», «барлық күш-жігерімді жұмсаймын» деп серт беру әркімнің қолынан келмейді.
Пікір • 28 Қараша, 2022
Мен өткен президент сайлауы кезінде Ақжайық ауданы бойынша «Amanat» партиясының штаб жетекшісі болған едім. Науқан кезінде көптеген елді мекенді араладық, халықпен жүздестік. Сол кезде сайлаушылар тарапынан көптеген сауал, ұсыныс, пікір түсті.
Пікір • 28 Қараша, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа президенттік кезеңіндегі алғашқы Жарлығын ауылды дамытуға арнаймын деді. Осыған ерекше қуандым. Бұл – өте жақсы бастамалардың бірі.
Пікір • 28 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасы Президентін салтанатты түрде ұлықтау рәсіміне қатыстым. Процесс бұрынғылардан өзгеше өтті және солай өткені де дұрыс болды.