Әрине, ауыл халқы өңірдегі әлеуметтік-тұрмыстық ахуалдың бұдан да жақсарғанын қалайды. Біздің ауданда елді мекендер түгелге жуық табиғи газ, таза су желісіне қосылған, алайда жол мәселесі өткір ауылдар бар. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудан кейінгі алғашқы Жарлығы ауылды дамыту жөнінде болғанына ерекше қуандым. Мемлекет басшысының бұл сөзі тек мені ғана емес, дүйім халықты қуантты деп ойлаймын. Батыс Қазақстан облысынан келген делегация құрамында ел Президентін ұлықтау рәсіміне қатысып, тарихи оқиғаның ортасында болғаным – өмірімнің ерекше белесі болды.
Артур ЕРМҰХАНОВ,
«Amanat» партиясы Ақжайық аудандық филиалының атқарушы хатшысы
Батыс Қазақстан облысы