Қоғам • 10 Қараша, 2020
Жол картасы жұртты жұмыспен қамтыды
Сараптап-саралап қарасақ, мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты халыққа тиіп жатыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жөндеу көрмеген нысандар жөнделіп, ауыл-аймақ абаттанып қана қойған жоқ, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды. Облыста бұл бағдарлама бойынша 20 020 адам жұмыспен қамтылса, құрылыс жұмыстары аяқталған соң 1 150-ін тұрақты жұмысқа орналастыру көзделген.
Қоғам • 10 Қараша, 2020
Неліктен Еуропа мен АҚШ-та екінші толқын басталды? Жаһандық медицинаға толық бағынбаған вирус одан сауыққандарға қайта жармасып жатқаны қалай?
Медицина • 10 Қараша, 2020
CОVID-тің көлеңкесінде қалмасын (Мегаполисте АИТВ жұқтырған 3663 адам бар...)
Шындығына келгенде, шартараптағы елдерді шошытып, үрей құшағында ұстап отырған коронавирус індеті жұғуы жылдам, басқа қауіпті кеселдерге қатысты мәселелерді көлегейлеп отыр. Өйткені бүкіл әлемнің назары CОVID-19 пандемиясы мен оның адам өмірі мен әл-ауқатына тигізетін әсеріне ауды. Жаһандық індет баршамызға денсаулықтың басқа маңызды мәселелермен, соның ішінде гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау және экономикалық әл-ауқатпен қаншалықты тығыз байланысты екенін тағы да көрсетті. Сондықтан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің биылғы тақырыбына «Халықаралық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» мәселесінің таңдалуы бекер емес.
Оқиға • 10 Қараша, 2020
Санитарлық талапқа салғырт қарауға болмайды
Қостанай облысында 12 санитарлық бекет жұмыс істей бастады. Оның төртеуі Ресеймен шектесіп жатқан Қарабалық, Ұзынкөл, Бейімбет Майлин аудандарындағы шекара бекеттеріне, үшеуі облыс орталығына кіретін жолдарға, төртеуі Қостанай ауданына, ал біреуі Жітіқара қаласының кіреберісіне қойылды.
Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Лисаков қаласында тұратын Алексей Сычуговтың есімі бүгінде бүтін Қостанай өңіріне белгілі. Туабітті дерт дендеп ажал аузында жатқан үш жасар бейтаныс балаға бауыр етін бөліп беріп, өлімнен арашалап қалған жас жігіттің ерлігіне былтыр бүкіл ел сүйсініп, еріксіз таңғалысқан.