Спорт • 07 Қараша, 2022
Таразда еркін күрестен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты 110 жылдық мерейтойына арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Біріккен күрес әлемінің (UWW) бағдарламасына енген жарыстың биылғы жүлде қоры 70 000 АҚШ долларын құрады. Ең қуаныштысы, Әулиеата топырағында Қазақстанның балуандары табысты өнер көрсетіп, 5 алтын, 6 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды. Барлығы – 24 жүлде!
Спорт • 07 Қараша, 2022
«Астана» – қасиетті санның иегері
Тоғыз айға жалғасып, толғағы жеткен футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионаты «Астананың» жеңісімен аяқталды. Наурыздың алғашқы аптасында басталған доп додасы қарашаның бірінші жексенбісінде тізгін тартты. 26 тур бойы турнир кестесінің алғашқы үштігінен түспеген «Астана» соңғы турда жеңіске жетіп, ел тарихындағы жетінші чемпиондығына қол жеткізді. Ұзақ үзілістен кейін жүлдегерлер қатарынан көрінген «Ақтөбе» екінші орынға жайғасса, былтырғы ел чемпионы – «Тобыл» үшінші орынға табан тіреді.
Сұхбат • 07 Қараша, 2022
Нұржан Қабдолданов: Қалдықты өңдеу қалпына түсе бастады
Үкімет қаулысына сәйкес 2022 жылдың 18 қаңтарында өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің жаңа операторы болып «Жасыл даму» АҚ айқындалған еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес утилизациялық алымды қабылдап келген жекеменшік компания бүгінгі таңда 100 пайыз мемлекет еншісіне өткен. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты кәсіпорын 9 айда қандай шаруа атқарғанын білу үшін «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолдановты әңгімеге тарттық.
Таным • 07 Қараша, 2022
Еліміздің әр өңірінен келген 18 мұражайдың баға жетпес құнды жәдігерлері Қарағанды жұртының назарына ұсынылды. Бұл Қазақстан мұражайларының қоры арқылы тұңғыш рет ұйымдастырылған көрме екенін атап өткен жөн.
Қоғам • 07 Қараша, 2022
Астанадағы Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейде «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай елордалық мектеп оқушылары арасында «Ел – бүгіншіл, менікі ертең үшін» атты шығармашылық сайыс өтті.