Аймақтар • 09 Қараша, 2020
Қызылорда облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті
Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Атап айтсақ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б.Данилов ағымдағы жылғы орман шаруашылықтарындағы өрт қауіпті кезеңнің қорытындысы және 2021 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық шаралары мен азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтерінің қыс мезгіліне дайындығы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 09 Қараша, 2020
Қызылжардағы қалалық бақта кісі тоналды
Өткен жексенбі күні түнгі сағат ондар шамасында Қызылжардың қалалық саябағында 45 жастағы азаматты арақты бірге ішкен бөтелкелесі - 30 жастағы жігіт соққыға жығып, 7 мың теңге ақшасын тартып әкеткен. Арақ ішу барысында жаңа танысқан екеуінің арасында жанжал туған екен, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 09 Қараша, 2020
Республикалық білім беру жобасы іске қосылды
Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Жастар Конгрессімен серіктестікте республиканың барлық аймақтарын онлайн форматта байланыстыра отырып, "Жаңа жағдайдағы жастар: Іс-қимыл кезеңі" Республикалық жастар білім беру жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 09 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қараша, 2020
Елордада мемлекеттік органдар арасында тақырыптық сессиялар өтуде
ІХ қалалық Азаматтық форум 9-12 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығы базасында мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ бірігіп жұмыс жасауы мәселелерін талқылау бойынша, іс-шаралар жоспарына сәйкес "Қоғам және мемлекет: "Birgemiz" серіктестігі мен дамуының 30 жылдығы" тақырыбында тақырыптық сессия өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.