Қоғам • 09 Қараша, 2020

Елордада мемлекеттік органдар арасында тақырыптық сессиялар өтуде

160 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ІХ қалалық Азаматтық форум 9-12 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының Азаматтық бастамалар орталығы базасында мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ бірігіп жұмыс жасауы мәселелерін талқылау бойынша, іс-шаралар жоспарына сәйкес "Қоғам және мемлекет: "Birgemiz" серіктестігі мен дамуының 30 жылдығы" тақырыбында тақырыптық сессия өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада мемлекеттік органдар арасында тақырыптық сессиялар өтуде

ІХ қалалық Азаматтық форумында ҮЕҰ қатысуымен жұмыс кездесулерін өткізу шеңберінде күн тәртібіне кіретін мәселелер қарастырылады.

Осыған орай, бүгін "ПИК-пен бірігіп жұмыс жасау және ТКШ саласындағы өзекті мәселелерді шешудегі ҮЕҰ рөлін арттыру мәселелері" тақырыптық сессиясының отырысы өтті.

Тақырыптық сессияға ҮЕҰ басшылары, "iQamal" ассоциациясының, ПИК, тексеру комиссиясының, тұрғын үй инспекциясының, "Есіл", "Алматы" және "Байқоңыр" аудандары әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ қаланың белсенді тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында жұмыстың жаңа форматына көшу аясында ҮЕҰ мен ПИК бірігіп жұмыс жасау мәселелері, ТКШ саласындағы азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер, ТКШ саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгеріс енгізу қажеттілігі, сондай-ақ тұрғындардың аталған мәселелерін шешуге меншік иелерін тарту бойынша одан әрі қадамдар қаралды.  

"Айта кету керек, біз ТКШ-да қанша проблемалық мәселелер жиналғанын көріп отырмыз, бірақ біздің міндетіміз кімнің кінәлі екенін және қалай болғанын түсіну емес. Біз азаматтарды толғандыратын мәселелерді шешуде ҮЕҰ- мен бірлескен қызметтің тиімді тәсілдерін әзірлеуді көздеп отырмыз", - деді "Арнау” даму орталығы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлан Әбішев.
 
Естеріңізге сала кетейік, Азаматтық форум екі жылда бір рет өткізіледі. Алдыңғы форум Елордада 2018 жылы өтті. Биыл шара 17 қарашаға жоспарланған.