Экономика • 28 Қараша, 2022
Ұшу қауіпсіздігі – басты мәселе
Әуе тасымалына сұраныс жыл сайын ұлғайып келеді. Сол себепті артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін отандық әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақтармен толықтырылып жатыр. Сондай-ақ рейстердің кешігу фактілеріне байланысты шағымдарды ескере отырып, Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тарапынан тиісті тергеулер жүргізілді.
Қоғам • 28 Қараша, 2022
Кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік саясаттағы басым бағыттардың бірі. «Даму» қоры аймақтық кәсіпорындардың қызметін жандандыруға маңыз беріп келеді. Алматылық кәсіпкерлер биылғы 9 айда қор тарапынан жалпы сомасы 62,99 млрд теңге көлемінде көмек алған.
Қоғам • 28 Қараша, 2022
Стандартты төмендету азаматтарға қатер төндірмей ме?
Қазақстан Үкіметінің 2023 жылдың 1 ақпанына дейін күші жарамды қаулы қабылдағаны жайлы ақпарат тарады. Онда елімізде ABS, қауіпсіздік жастығы, SOS батырмасы жоқ және экологиялық класы Еуро-5 стандартынан төмен (Еуро-0-ге дейін) машина шығаруға рұқсат етілетіні жарияланған. Үкімет мүшелерінің мәлімдеуінше, мұндай талап «Лада» және УАЗ шығаратын автоөндірушілерді қолдау мақсатында жасалып отыр.
Медицина • 28 Қараша, 2022
Медицинада адамның ауруын жазудың орнына, кейде керісінше майып қылатын оқиғалар да орын алып жатады. Денсаулық сақтау саласының міндеті де сол, науқастардың дертіне шипа іздеген кезде барынша оның ағзаға тиетін зиянын азайту. Өйткені тіліп, кесіп жасалатын кез келген хирургиялық операциялардың өзі денеде де, денсаулықта да ізін қалдырмай қоймайды.
Қоғам • 28 Қараша, 2022
Қазақстанда алғаш рет Астана қаласының мемлекеттік архиві базасында Swiss-sasem Open Space Astana мәдени-ағарту жобасы ұсынылды. Бұл – Швейцарияның Экономика және менеджмент жөніндегі қолданбалы ғылымдар мектебімен бірлескен бастама. Оның тиімділігі сол, оқырманға қажет дүниеге еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді.