Өнер • 05 Қараша, 2021
Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Қазығұрт ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен Түркістандағы «Конгресс холл» концерт залында «Бұраң бел» облыстық би байқауы өтті. «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі аясында өткен байқауда 17 би ұжымы бақ сынады.
Экология • 05 Қараша, 2021
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Асия Теджен мен Ернар Өмірзақ биология пәні мұғалімі Гүлнұр Чандыбаеваның жетекшілігімен арамшөптен биопластик алу жолын ұсынды. Олар алғашқы өнім ретінде биопакет дайындап та көрген.
Медицина • 05 Қараша, 2021
Жаңа диагностикалық аппаратпен жабдықталды
Медицина мекемелерінің әлеуетін әжептәуір арттырып жатқан заманауи жоғары технологиялық жабдықтар қандай да ауыр дертті ерте анықтап, науқастарды дер кезінде емдеуге септігін тигізуде. Осындай игілікке қол жеткізіп отырған Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпсалалы қалалық аурухана жақында тағы бір жаңа диагностикалық аппаратпен толығып, мұнда мультиспиральды компьютерлік томография орнатылды.
Коронавирус • 05 Қараша, 2021
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 25 адам қайтыс болды
Қазақстанда бір тәулікте пневмония мен коронавирустан 25 адам қайтыс болды және 155 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Қараша, 2021
14-24 қараша күндері Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде батутта секіруден әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Әр құрлықтың мықтылары бас қосатын жарыста жерлестеріміз де өнер көрсетеді. Аталған додада Қазақстанның намысын ең таңдаулы төрт спортшы қорғайды. Олар – Роман Барков, Игорь Грачёв, Данил Мұсабаев және Диана Угрюмова.