Байқаудың ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөз сөйлеп, өңірде мәдениет пен өнерге қолдау көрсету жалғасатынын жеткізді. Ал облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан өнер фестивалінің маңызына кеңінен тоқталып, жас таланттарды танытудағы орны ерекше екенін атап өтті. Мәдениет қайраткері, Қазақстанның үздік хореографы, қазылар алқасының төрағасы Айболат Орынбай, «Яссы» би ансамблінің жетекшісі Қуат Таукеев, «Фараб» би ансамблінің жетекшісі Марианна Шаликашвили, «Жұлдыздар» халықтық би ұжымының жетекшісі Жаннат Балтаева және халықаралық би байқауларының лауреаты Жангүл Ерсұлтанова қазылық еткен байқау қорытындысы бойынша Қазығұрт ауданының «Таңшолпан» би тобы Гран-приді иеленді. Бірінші орынды Жетісай ауданынан келген «Аяна» би тобы жеңіп алса, 2-орын Арыс қаласының «Алтынай» би тобына бұйырды. Үшінші орынға Қазығұрт ауданының «Балауса» және Кентау қаласының «Рапсодия» би ұжымдары лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және ақшалай сыйлық тапсырылды.
Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Қазығұрт ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен Түркістандағы «Конгресс холл» концерт залында «Бұраң бел» облыстық би байқауы өтті. «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі аясында өткен байқауда 17 би ұжымы бақ сынады.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше