Спорт • 05 Қараша, 2021
Қостанайда биылғы маусымдағы ел чемпионы «Тобыл» футбол клубын марапаттау рәсімі өтті. Жастар сарайындағы салтанатты рәсімге Қазақстан футбол одағы федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин арнайы келіп қатысты.
Аймақтар • 05 Қараша, 2021
Жерінің қойнауы мұнай мен газға толы Атыраудың тұрғындарын алаңдататын өткір мәселенің бірі – экология. Ғаламдық жылынудың әсері ме, әлде басқалай себебі бар ма, тал-терегі аз бұл өңірде қыста қар аз түседі. Жаңбыр да сирек жауады. Жел екпіні сәл үдесе, алыстағы ауылдарды айтпағанның өзінде мұнайлы шаһар ала шаңнан мұнартып тұрады.
Мультимедиа • 05 Қараша, 2021
3 млрд-тан астам қолданушысы бар, 110-нан астам тілде ақпарат тарататын әйгілі Facebook әлеуметтік желісі Meta деген атаумен ребрендинг жасағаны өткен аптада белгілі болған еді. Компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг жаңа жобаларын таныстыра келе: «Кезінде әлеуметтік желілер әлеміне трансформация жасасам, енді күнделікті қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, оған да трансформация жасайтын уақыт келді» деп мәлімдеді.
Әдебиет • 05 Қараша, 2021
Тобыл-Торғай өңіріне ғана емес, есімі елімізге белгілі сатирик жазушы Ғұмар Ахметчин де көзі тірісінде өзі өскен, оқыған Әулиекөл ауданындағы Жангелді, Қояндыағаш ауылдары туралы жиі айтатын. «Ағаштың арасында, қарағайлардың басына өрмелеп, ойнап өстім. Ауыл балалары қарнымыз ашқанда үйге ентігіп жүгіріп келеміз, сонда әниім күйдіріп, шелекке құйып қойған шекілдеуік сарымайдан шай кесеге құйып береді. Соны сіміріп салып, қайтадан шапқылап кетеміз», деп еске алар еді.
Бизнес • 05 Қараша, 2021
Қай кезде де шаруасы шаш етектен болып жүретін шағын және орта бизнес өкілдеріне уақыт үнемдеу маңызды. Енді кепілдік беру шартына қол қою рәсімі де онлайн жүзеге асырылатын болды.