Аймақтар • 27 Қараша, 2019
Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жетісулық жас ақын-жазушылармен кездесу өтті. Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шараға тележүргізуші, жазушы Есболат Айдабосын, журналист Қозыбай Құрман, Мәулен Әнербай, Мұхтар Күмісбек, Медет Жұмабаев, Азамат Нұрмұхан сынды жас ақындар мен дәстүрлі әнші, «Заман-ай» термесінің әнін жазған, сазгер Әліби Бекайдар қатысып, оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, руханият, әдебиет төңірегіндегі ойларын ортаға салды.
Руханият • 27 Қараша, 2019
Аттан түспеген азамат (Қайраткер Жандар Кәрібайұлы туралы бір үзік сыр)
Руханият • 27 Қараша, 2019
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың «Коворкинг» орталығында Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, көптеген прозалық кітаптың авторы, жазушы Әлібек Асқаровпен кездесу өтті.
Руханият • 27 Қараша, 2019
Әдістеме ғылымы – өзіндік ізденісті қажет ететін, қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін ғылым саласы. Өзіндік ізденіс зерттеу нысанына алынып отырған тақырыпты оқушыға қалай оқытамыз, оның түпкі нәтижесі қандай болу қажет, не себепті осы тақырыпты игерту керек деген сауалдарға жауап іздеуден тұрады. Басқа ғылым салаларына қарағанда әдістеме ғылымы үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып отырады. Бүгін ұтымды болып отырған жүйе заман талабының өресінен шыға алмай қалуы ықтимал. Бұл әдістеме ғылымының қиын сала екендігін танытады. Талмай ізденіп, тәжірибе жинақтап, еңбектің нәтижесін көру әдістеме ғылымының қызықты сала екенін көрсетеді.
Әдебиет • 27 Қараша, 2019
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай – әлем тілдерінде» мәнерлеп оқу байқауының шешуші туры өтті.