Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Жетісудан келген жетеу

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өскемендегі Сәрсен Аман­жолов атындағы Шығыс Қазақстан мем­ле­кеттік универ­ситетінде жетісулық жас ақын-жазушылармен кезде­су өтті. Облыстық балалар және жасөс­пі­рім­дер кітапханасы ұйым­­­дастырған шараға теле­­­жүргізуші, жазушы Ес­бо­лат Айдабосын, журналист Қозыбай Құрман, Мәулен Әнербай, Мұхтар Күмісбек, Медет Жұмабаев, Азамат Нұрмұхан сынды жас ақындар мен дәстүрлі әнші, «Заман-ай» термесінің әнін жазған, сазгер Әліби Бекайдар қатысып, оқыр­ман­дардың сауалдарына жауап беріп, руханият, әдебиет төңірегіндегі ойларын ортаға салды.

Жетісудан келген жетеу

Кездесудің беташарында сөз алған белгілі журналист Есболат Айдабосын алты жас­ты Алтайға өзі бастап келгенін айтып: «Біз, негізі осындағы әріптесіміз, «Шығыс-Ақпарат» ЖШС директоры Нұрбек Бекен бастаған қалам ұстаған жігіттердің ұсынысымен футболдан жолдастық кездесу өткізуге келгенбіз. Сосын құр доп теуіп қана қоймай, орайы келгенде жетісулық талантты жас ақындардың шығармашылығын оқырмандарға таныстырудың артығы болмас деп осы кездесуге келіп қалған жайымыз бар», дей келе Өскеменге келген бес ақынның кітаптары биылғы Жастар жылы аясында жарық көргенін жеткізді.

Кездесу барысында Жетісу­дан келген жетеудің бесеуі, яғни Мәулен Әнербайдың «Күн қызы», Мұхтар Күмісбектің «Алфавиттегі алты әріп», Қо­зы­бай Құрманның «Жүрек маусымдары», Азамат Нұрмұханның «Алғыс», Медет Жұмабаевтың «Жұмыр жердегі жұмақ бел» кітаптарының тұсауы кесілді. Жас ақындардың кітаптарының лентасын Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұх­тар Әділбекұлы мен белгілі ақын Қалқаман Сарин қиып, сәт-сапар тіледі. «Біздің университет­те талантты жастар көп. Оларды үнемі қолдап отырамыз. Жетісудің жері де, елі де тамаша. Өзім біраз жыл еңбек еткенмін. Талдықорғаннан келген талантты жастарға тек сәттілік тілейміз» деді ректор. Туған жерге туын тігіп, Өске­менге еңбек етуге келген ақын Қалқаман Сарин бүгінгі күн осы өңірдің әдеби-мәдени өмірін­дегі ерекше күн екендігін атап өтіп: «Өскеменге келгеніме көп болмаса да, шаһардағы жас­тар­дың әдебиетке, өлеңге деген құштарлығын байқадым. Жеті­су­лық ақындардың біразын танимын. Шығыстағы оқырманмен танысуға келген қадамдарыңыз құтты болсын! Мұндай кездесу­лер жиі-жиі өтуі керек. Әдебиетті осылай насихаттау керек. Басқа өңірдің қыз-жігіттері осылай келіп тұруы керек, Шығыстың талантты жастары басқа облыс­тар­ды аралауы керек. Бұған ешқандай да мемлекеттік бағдар­ла­­маның қажеті жоқ. Бұл өзімізге қа­жет», деді.

 

ӨСКЕМЕН