Пікір • 27 Қараша, 2024
Судьялар тәуелсіздігін нығайту маңызды
Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге, оларды сапалы түрде іріктеуге бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Бүгінде Жоғары сот кеңесі ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуде, сапалық құрамды қалыптастыруда бірқатар шара қабылдады.
Қоғам • 27 Қараша, 2024
Қорларды қадағалайтын заң, бақылайтын ұйым керек
Жиған-терген дүниенің парқын білетін халқымыз қайырымдылық жасауға келгенде тартынып қалмайды. Сол асыл қасиет бүгінгі буынға да дарыған. Қиын-қыстау күндерде біріне-бірі қарасып, қорған болған ағайынның ісіне ішің жылиды. Кейінгі жылдары әлеуметтік желіде танымалдылығын пайдаланып «жылу» жинайтындар көбейді. Байқап қарасақ, кейде оның барлығы біз ойлағандай қамқор, жанашыр бола бермейді.
Саясат • 27 Қараша, 2024
Жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге жұмыс сапарымен Португалия Республикасына келді. Сапар аясында палата спикері Португалия Ассамблеясының төрағасы Жозе Педро Агиар-Бранкумен кездесті. Онда тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, алдағы бірлескен жұмыстың маңызды міндеттерін белгіледі.
Тағзым • 27 Қараша, 2024
Ұлты үшін бойындағы барын беріп, жан аямай еңбек еткен ұлы тұлғаларымыздың бәрінің күрескер жолы мектеппен байланысты. Олардың санасында мектеп пен білімді түзеу – ұлтты оятумен бірдей деген толғағы піскен пәлсапа болды. Кешегі кер заманда туып, халқымыздың білім алу, ғылым жолына түсу сынды күреске толы өміріне тым ерте араласқан Алаш ардақтысы, ақын Міржақып Дулатұлының туған күні қарсаңында елордадағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияда «Алаш – ұлтты оятқан рухты сөз» атты мазмұнды іс-шара өтті.
Құрылыс • 27 Қараша, 2024
Тұрғын үй нарығында түйткіл көп
Тірнектеп тапқан қаржысын құйып, баспанаға қол жеткізбек түгілі басы дауға қалып табалдырық тоздырғандар аз емес. Жылжымайтын мүлік сатып аларда асығыстық танытпай, нысан құжаттарының заңдылығына толық көз жеткізіп алған абзал. Көздеген үйіңіздің құжаттарын қала құрылысын бақылау басқармасы арқылы тексеріп алуға болады.