Аймақтар • 04 Қараша, 2021
«Елшінің жазбасынан» кітабы жарық көрді
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Сенаты жанындағы Сенат Кеңесінің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Икрам Адырбековтің «Елшінің жазбасынан» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Спорт • 04 Қараша, 2021
Дэвис кубогына қаншалықты дайынбыз?
Соңғы жылдары теннисшілердің Дэвис кубогы жаңа форматта өтіп жатқаны белгілі. Қараша айының соңында жалауы желбірейтін жарыста әлемдік рейтингте ең жоғары орындарды иеленіп отырған 18 команда бақ сынайды. Олар үш-үштен алты топқа бөлінген. Бұл бәсекелер Испанияның Мадрид, Италияның Турин және Аустрияның Инсбрук қалаларында өтеді. Біздің жігіттер Канада және Швеция құрамаларымен бірге В тобында өнер көрсетеді. Сол қарсыластарымыз жайында біз не білеміз?
Спорт • 04 Қараша, 2021
Онның жартысы – жартылай финалда
Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақ елінің бес былғары қолғап шебері жолдама алды. Бұл – биылғы әлем чемпионатында дәл осынша боксшымыз жүлдеге қол жеткізді деген сөз. Бірақ оның нешеуі алтын медаль болатынын алдағы жекпе-жектер анықтап береді. Өкінішке қарай, жартылай финалға жолдама беретін жекпе-жектерде тағы бес боксшымыз қарсыластарына есе жіберіп, жүлделі орындарға жете алмай қалды. Десе де жерлестеріміздің бәрі таза жеңілді деп айта алмаймыз. Төрешілердің кейбір жігіттерімізге қатысты төрелігі күмән туғызғаны рас.
Театр • 04 Қараша, 2021
Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры ХХІХ маусымын Шахмет Құсайыновтың «Томирис» трагедиясымен ашты.
Өнер • 04 Қараша, 2021
«ТеатрALL» – тәуелсіздікке тарту
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында елордада «ТеатрALL» халықаралық театр фестивалі өтті. 28 қазан мен 3 қараша аралығында астана халқы мен шаһар қонақтарына таңғажайып театр думанын сыйлаған өнер мерекесін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.